Жуырда Ақкөл ауданында «АЭС құрылысы үшін» халықтық штабтың мүшелері, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Юлия Кучинская, «Аманат» Ақкөл ТФП төрағасы Бауыржан Өмірбаев пен Валерий Симчук Урюпин ауылындағы Ақмола облысы білім басқармасының «Арнайы балабақша-мектеп-интернат кешені» ММ, «Қамқор» ЖБО КММ, «Ақкөл орман шаруашылығы» КММ еңбек ұжымдарының өкілдерімен кездесті.
– Билік неге АЭС салу туралы өз бетінше шешім қабылдау жауапкершілігін мойнына алмайды деген сұраққа жауап бере отырып, ел тұрғындарының пікірін ескере, мынаны айтқым келеді: билік үшін емес, ел үшін бұл шешімді қабылдау процесіне әркімнің қатысуы өте маңызды. Барлық депутаттардың, Президенттің жұмыс мерзімі шектеулі, ал, құрылыс процесі баяу, оны бақылап, аяқтауды қамтамасыз ету қажет, – деді Юлия Кучинская кездесуде.
Ол сондай-ақ, бүгінде елімізде пайдаланылатын энергия көздері ел экономикасын дамыту үшін үлкен ресурстар бермейтінін атап өтті.
Көмір станциялары экологияға айтарлықтай зиян келтіреді және жаңа ЖЭО салу бойынша жоспарлар болғанымен, көмір генерациясының қуатын төмендету бойынша жұмыс істеу қажет. Біздің климаттағы жаңартылатын энергия көздері тұрақты электрмен жабдықтауды қамтамасыз ете алмайды.
Газ станцияларының өз кемшіліктері бар, себебі, біздің елімізде табиғи газ онша көп емес. Сондықтан, бізге энергияның тұрақты қуатты және экологиялық генерациясы қажет. Юлия Кучинскаяның пікірінше, АЭС Қазақстанға басқа да энергия көздерінің кемшіліктері мен ықтимал тәуекелдерін тұрақтандыратын қауіпсіз энергия береді.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.