Ақмола облыстық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы барысында жаңа депутат таныстырылды.
Мәслихат төрағасы Бейбіт Жүсіповтің түсіндіргеніндей, «Аманат» партиясы Саяси КеңесіБюросының шешімімен Белла Газдиеваның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуына байланысты мандат партиялық тізім резервінің құрамынан облыстық мәслихат депутаттығына кандидат,Көкшетау қаласындағы №1 облыстық түзету мектеп-интернатының директорыАлтын Сексенбайқызы Мұстафиноваға берілді.
Депутаткуәлігін және төсбелгісін А.Мұстафиноваға облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Манарбек Сәдуов тапсырды.
Депутаттар мен шақырылғандардың атынан Алтын Сексенбайқызын құттықтай отырып, Бейбіт Айтымұлы жаңа депутатқа жемісті жұмыс тіледі.
Ақмола облыстық мәслихатының баспасөз қызметі.