Баймырза ауылынан Астана-Көкшетау тас жолына дейінгі 9 шақырымжолға жөндеу жүргізіліп, асфальт төселді.
Бұл жұмыс шілде айында басталып, бүгінгі күні толықаяқталды. Жоба құны 425 миллион теңге болып, оны жауапты мердігер ретінде «Gruss» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі іске асырды. Көп жылдар бойы осы жолдың жағдайы ауыл тұрғындарын қатты мазалап келген еді. Өткен маусым айында облыс әкімі Марат Ахметжанов Баймырза ауылында тұрғындармен кездесіп, жолдың жағдайын көріп, оны міндетті түрде жөндеу қажет деп шешім қабылдап, тиісті орындарға тапсырма берген болатын. Міне, енді ауыл тұрғындарының сол талап-тілектері орындалды деп айтуға болады.
Жалпы, соңғы екі жыл ішінде Баймырза ауылы тұрғындарының әл-ауқатын жақсарту, өмір сүру сапасын арттыру мақсатында қыруар жұмыстар атқарылды. Атап айтсақ,ауыз су тартылды, ішкі жолдарға асфальт төселді, балалардың бос уақытын ұйымдастырып, спортпен шұғылдануға баулу мақсатында заманауи әмбебап спорт алаңы орнатылды, ауылдың көркіне айналған жергілікті клубқа жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Ендігі кезекте ауыл тұрғындарының алдында өздеріне жасалып жатқан осы істерді игіліктеріне пайдаланып, дұрыс сақтау міндеті тұр.
Мұхамет ТІЛЕУБАЙ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
Біржан сал ауданы.