Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
АЭС – бұл еліміздің энергетикалық тәуелсіздігін нығайтуға стратегиялық қадам - АРҚА АЖАРЫ

АЭС – бұл еліміздің энергетикалық тәуелсіздігін нығайтуға стратегиялық қадам

Астрахан ауданының Старый Колутон ауылында халықтық штабтың өкілдерімен атом электр стансасын салу перспективаларына арналған еңбек ұжымдарының маңызды кездесуі өтті.

Делегация құрамында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Юлия Владимировна Кучинская мен Астрахан аудандық мәслихатының төрағасы, «АМАНАТ» депутаттық фракциясының мүшесі Мейрам Қосманұлы Қожахметпен, Астрахан «АМАНАТ» ТФП-ның атқарушы хатшысы, халықтық штабтың жетекшісі Құралбек Сағындықұлы Сүлейменовпен, сондай-ақ сондай-ақ, Старый Колутон ауылдық округінің әкімі, халықтық штабтың мүшесі Жанатхан Дәулеткерей бірге болды.

Старый Колутон орта мектебінің ұжымымен және «СХП Колутон-04» ЖШС жұмысшылары арасында кездесу өтті. Кездесу барысында өңірде атом электр станциясын салу мүмкіндігіне қатысты мәселелер талқыланды. Депутат Кучинская АЭС – бұл еліміздің энергетикалық тәуелсіздігін нығайтуға және парниктік газдар шығарындыларын азайтуға мүмкіндік беретін стратегиялық қадам екенін және мұндай жобаларды жұртшылықпен кеңінен талқылаудың маңыздылығын әрі атом электр стансасын салу маңызды екенін атап өтті.

Мейрам Қосманұлы Қожахмет жергілікті тұрғындармен және еңбек ұжымдарымен диалог құру идеясын қолдап, мұндай бастамалардың қоғамдық пікірді қалыптастыруда және жергілікті қоғамдастықтардың мүдделерін ескеруде шешуші рөл атқаратынына тоқталды.

Сонымен қатар, халықтық штабтың өкілдері мен аудан басшылығы да сөз сөйлеп, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, болашақ жобадан қауіпсіздік, экология, экономикалық тиімділікке қатысты барлық пікірлерді ескеру қажеттігін айтты.

Кездесу барысында қатысушылар мемлекеттік қызметкерлерге сауалдарын қойып, АЭС құрылысының келешегі туралы өз пікірлерін ортаға салды, бұл осы процестің мөлдірлігі мен ашықтығын көрсетеді.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар