2024 жылдың 28 қыркүйегінде сағат 08.00-де Көкшетау қаласының “ТӘУЕЛСІЗДІК” алаңында Ақмола облысының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізіледі.
Аталған жәрмеңкеде Ақкөл, Атбасар, Бурабай, Бұланды, Біржан Сал ауданының, Астрахань , Сандықтау, Шортанды аудандарының, Көкшетау қаласының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері мен фермер қожалықтары 60 тоннадан артық өнім ұсынады.
40-тан астам азық-түлік атауы нарықтық бағадан 10-15%-ға төмен.