Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың құттықтауы - АРҚА АЖАРЫ

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың құттықтауы

Құрметті ақмолалықтар!

Сіздерді тамаша мереке – Еңбек күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Қай заманда болсын, еңбеккер адам үлкен ықылас пен құрметке бөленген. Еңбек адамы ол бүгінгі күнге дейін үлкен құндылыққа ие және еліміздің тірегі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң және құқықтық тәртіп, экономикалық өрлеу, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады. Және бұл кездейсоқ емес. Біздің қоғамда қажырлы еңбек пен кәсібилік құндылықтары әрқашан бірінші орында тұрады. Шығармашылық еңбек – кез-келген қоғамның дамуының кепілі, еліміздің әрбір азаматының жеке табысының негізі.Бұл «Жауапты азамат – адал еңбек – лайықты табыс» қағидасына толық сәйкес келеді.

Күнделікті егіс алқабында, өндірісте, мектептеріміз бен ауруханаларымызда және басқа да салаларда еңбек етіп жүрген облысымыздың барша тұрғындарына мынаны айтқым келеді. Сіздердің әрқайсыңыз облысымыздың табысты дамуына негіз жасап, өз отбасыларыңыздың береке-бірлігі мен мемлекеттің экономикалық дамуына үлес қосып келесіздер.

Бұл үшін шын жүректен алғыс айтуға рұқсат етіңіздер!

Ешқандай жаман жұмыс болмайды, барлық еңбек  құрметке ие. Қоғам игілігі жолында адал да қажырлы еңбек ететін адамдар қашанда лайықты марапат пен құрметке бөленеді. Солардың арқасында ғана еліміз белсенді дамып келеді.

Осы мерейлі мерекеде облысымызда өз кәсібіне адалдық дәстүрлерін қалыптастырған еңбек ардагерлеріне, аға ұрпақ өкілдеріне ерекше алғысымды білдіргім келеді.

Құрметті жерлестер!

Осы мерекеде баршаңызға зор денсаулық, табыс және бақ-береке тілеймін! Әркімнің еңбегі бағалы да құнды, сондықтан да қуаныш пен берекеге кенеле беріңіздер!

***

Құрметті Ақмола облысының тұрғындары!

Депутаттық корпус атынан сіздерді Еңбек күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл маңызды мереке біздің елімізде 2014 жылдан бері аталып келеді және күнделікті және қажырлы еңбектеріменҚазақстан Республикасының дамуына үлес қосып келе жатқанбарлық еңбеккерлерді біріктіреді.

Мемлекетімізеңбеккерлердің әлеуметтік қорғау деңгейін үнемі арттырып, еңбек қатынастары туралы ұлттық заңнаманы жетілдіре түсуде, кәсіподақ қозғалысын нығайтып, еңбек адамының мәртебесін көтеру үшін тиісті шаралар қабылдауда.

Өздеріңіз білетіндей, биылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады. Осы уақыт ішінде біз техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін реформалауды жүзеге асыруымыз керек. Жұмысшы мамандықтарыжылы қоғамымызда еңбекқор және нағыз маман болу идеяларын ілгерілетуге жәрдемдесетін болады.

Еңбекқорлық, кәсіпкерлік пен жауапкершілік, білімге және өзін-өзі дамытуға үнемі ұмтылу – бұл қасиеттердің барлығы өз ісінің мамандарына тән. Олар әрқашан қоғамның назарында, жастарға үлгі болуы керек. Ақмола облысында күнделікті еңбектерімен туған өлкеге деген сүйіспеншіліктерін дәлелдейтін, өз ісіне адал кәсіпқойлар аз емес екенін атап өту қуантарлық жайт.

Құрметті жерлестер! Осы мереке күні баршаңызға зор денсаулық, амандық, еңбекте табыс тілеймін!

Бейбіт ЖҮСІПОВ,
Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар