Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Аға ұрпақ – біздің қазынамыз, оларға құрмет көрсету парызымыз - АРҚА АЖАРЫ

Аға ұрпақ – біздің қазынамыз, оларға құрмет көрсету парызымыз

1 қазан – Халықаралық қарттар күні

Қазақ халқы бағзы заманнан өзінің үлкенін өнеге тұтып, қариясын ардақтаған ел. «Қария – даналық пен өмір тәжірибесінің қайнар көзі» деп тегін айтылмаса керек. Салиқалы ой, дуалы сөз айтқан дана қарттарымыз ұрпақ тәрбиесінің алтын арқауы іспеттес. Елдің ертеңі саналатын өскелең ұрпақты дұрыс жолға салатын алдыңғы толқын – ардагерлерімізге деген сый-құрмет ешқашан толастаған емес.

Біз кешегі күні ел қамын ойлап аттан түспеген ардагерлерін ерекше сыйлаған елміз. Осы тұрғыда  жыл сайын ардагерлер қауымын қолдау айлығын өткізіп, құрмет көрсетіп, қол ұшын беріп, қаншама игі шараларды ұйымдастырамыз. Бұл елдік іс десек еш артық айтқандық емес.

Бүгінгі таңда Ақмола облыстық ардагерлер ұйымының құрамында 113 мыңнан астам зейнеткерлерді біріктіретін 763 бастауыш ардагерлер ұйымы, 3 қалалық және 17 аудандық ардагерлер кеңесі, 5 Ұлы Отан соғысына қатысушылар, 1697 тыл еңбеккерлері, 800-дей Ауған соғысына қатысқандар, бұдан басқа Чернобыль атом электр станциясындағы апатты жоюға қатысушылар бар.

Ардагерлер ұйымдарының жұмысы жүйелі, жоспарлы түрде жүргізілетінін, олар жергілікті атқарушы органдардың ұдайы назарында тұратынын атап өту керек. Әсіресе, ардагерлер қауымына деген облыс басшылығының қамқорлығы, көмегі ерекше. Жыл сайынғы Қарттар айлығы кезінде әр көздерден материалдық көмек көрсетуге қаржы бөлінеді. Жалпы облыс бойынша өткен жылғы айлықта 89950 адамға 349  миллион теңге әлеуметтік қолдау көрсетілді. Бұдан басқа, әртүрлі арналардан да қаражат тарту қарастырылды. Атап айтсақ,  13427 адамға тегін немесе жеңілдікпен дәрілік препараттар, 20622 адамға азық-түлік жиынтықтары, 324 адамға қысқы отын сатылып әперілді. Жеке тұрғын үйлерін жөндеу, жеңілдікпен коммуналдық қызмет ақыларын төлеу және тағы басқаларына да да қомақты қаржы бөлінді.

Ардагерлер ұйымдарының белсенділері жыл басынан бергі алты айда екі мыңнан аса аға ұрпақ өкілдерінің тұрмыс жағдайын зерделеді, 76 зейнеткер санаторийлер мен демалыс үйлерінде денсаулықтарын түзеді.

Көкшетау қаласының, бірқатар аудандардың сауда нүктелерінде халықтың тұрмысы төмен топтары үшін арнайы әлеуметтік сөрелер ашылып, жұмыс істейді. Облыстың  аудандары мен қалаларында тұрмыс деңгейі төмен отбасылары арзан бағадағы отынмен қамтамасыз етуге назар аударылды.

Рухани-мәдени іс-шараларға да ерекше көңіл бөлінеді. Биылғы жылдың алғашқы тоқсанында ғана  облыстағы ардагерлер ұйымдарының қатысуымен 400-ден аса әртүрлі мақсаттағы іс-шара өтті. 247 зейнеткерге газет-журналдар жаздырылды.

Аудандық ардагерлер кеңестері жергілікті атқару органдарына сүйене отырып, қарттар мен мүгедектердің мұқтаждықтарын қанағаттандырумен тек айлық кезінде ғана емес, жыл бойы айналысады. Ақкөл, Целиноград, Есіл, Сандықтау аудандарында кәсіпорындар есебінен ұйымдастырылған қарттарға арналған әлеуметтік интернат үйлер жүйелі жұмыс істеп келеді. Қазір облыс бойынша бірінші және екінші топтағы қарттарға арналған  5ардагерлер үйі бар. Оларға да ұдайы көңіл бөлініп, ондағы қарттардың тұрмыстық-әлеуметтік және рухани мәселелері шешіліп отырады.

Осы тұрғыда таяуда ғана құрылған Қосшы қалалық ардагерлер кеңесінің  жұмысын ерекше атап өткен абзал. Мұнда барлық меншік түріндегі еңбек ұжымдарында, мекемелер мен ұйымдарда зейнетке шыққан егде адамдармен кездесулер өткізу игі дәстүрге айналған. Сол күндері оларға нағыз мейрам ұйымдастырылып, ардагерлер мен мүгедектерге құрмет көрсету концерттік бағдарламалармен, түрлі қайырымдылық акцияларымен қатар жүргізіледі. Шаруашылықтар мерекелік дастархандарын жайып, азық-түлік жиынтықтарын үлестіреді. Егде адамдарға отын, көмір, дәрі-дәрмек алуға, пәтерлерін жөндеуге ақшадай көмек көрсетіліп, тұрмыста қажет заттар мен киім-кешектер табыс етіледі. Тауар өндірушілердің белсенді қатысуымен ауылшаруашылығы өнімдерінің арзандатылған жәрмеңкелері өткізіледі. Зейнетақысы төмендерге, мүгедектерге бір реттік ақшалай жәрдем көрсетіледі.

Қарттар мен мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдау жөніндегі айлықты өткізудің іс-шаралар жоспарына сәйкес барлық меншік нысанындағы еңбек ұжымдарында қарттармен кездесулер өткізілді, іс жүзінде барлық қалалар мен аудандарда мерекелік құттықтаулар ұйымдастырылды, сыйлықтар, ақшалай жәрдемақылар табысталды. Қарт адамдарға екі концерттік бағдарлама ұсынылып, дастархан жайып, құрмет көрсетілді. Зейнеткерлік жастағы ерлер мен әйелдер арасында шахмат-дойбы турнирі және «Тоғызқұмалақ» ұлттық ойыны өткізілді. Жарыстың жүлдегерлері мен жеңімпаздары грамоталармен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Көру, есту және ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған мерекелік іс-шара өткізілді.

Айлық кезінде тиісті мемлекеттік органдар мен мекемелердің, аудандық және қалалық ардагерлер кеңестерінің, бастауыш ардагерлер ұйымдарының белсенділігі ерекше артатыны белгілі. Өйткені, басты мақсат – аға ұрпақ өкілдерін әлеуметтік-тұрмыстық тұрғыдан қорғау, олардың өмірлік белсенділігін арттыру.

Облыстық ардагерлер кеңесі өз жұмысының негізгі мазмұны болып табылатын аға буын өкілдерін әлеуметтік қорғау, тұрақты моральдық және материалдық қолдаумен қатар, елде жүріп жатқан қоғамдық-саяси  оқиғалардан, мәселелерден де тыс қалмайды.

Біздің рухани бағыттағы жұмыстарымыз негізінен, ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың  барша қазақстандықтарға арнаған Жолдауын, Ұлттық Құрылтайда сөйлеген сөздерін кеңінен насихаттауға арналады. Аталмыш құжаттар бүкіл қоғамға серпіліс беріп, жалпы елдің ілгерілеу бағдарын айқындап берді, онда терең, халық көңілінен шыққан келелі ойлар айтылды. Әсіресе, жаңа экономикалық өзгерістер, жаңа заманның тұлғасын қалыптастыру жайы көпке үлкен ой салды. Осыған орай, елдікті нығайтуға арналған жаңа идеяға құрылған реформаларды түсіндіру мен насихаттау мақсатында облыстық іс-шаралар жоспары жасалды.

Президент биік мінберден айтқан сөздерінде көрсетілген идеялар мен қағидаттарды іске асыру мәселесі қоғамның барлық салаларына, оның ішінде ардагерлер бірлестіктеріне де зор жауапкершілік жүктейді, біздің белсенділігімізді, жұмысымыздың нәтижелілігін барынша арттыруға міндеттейді. Яғни, біз бұл іске өз тарапымыздан шама-шарқымызша үлес қосуға, қоғам сұраныстарына тек пайдалы ақыл-кеңестерімізбен, ұсыныстарымызбен ғана емес, мүмкіндігінше нақты істерімізбен жауап беруге тиіспіз.

Бүгінгі күні ардагерлердің әлеуметтік және рухани тұрғыда әуелетін жақсарту мәселесі ұдайы назарда ұсталады. Ақмола облыстық ардагерлер кеңесі төрағалығына сайланғалы бергі атқарылған іс-шараларға тоқталсам, облыстың бүкіл өңірлеріндегі ардагерлер кеңестері филиалдары жұмыстарымен таныстым. Оның барысында ардагерлер жұмысы жақсы жолға қойылған мысалдар да бар. Жергілікті атқарушы және өкілетті органдармен бірлесіп жұмыс істеу барысы да сараланды. Кемшін түскен тұстар да баршылық. Сондықтан, осы кездесулер нәтижесі бойынша алдағы кезеңде өз міндеттерімізді нақтылау жайы тұр.

Облыстық ардагерлер кеңесінің Төралқа және Пленумдарының отырыстарында  аталған мәселелер күн тәртібіне қойылды. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Белсенді ұзақ өмір» ұлттық жобасын жүзеге асыру жөніндегі шешіміне орай, мәселе Төралқа отырысында қаралды.

Жуырда Ақмола облысының әкімі Марат Мұратұлы Ахметжановтың қабылдауында болған кезімде «Белсенді ұзақ өмір» ұлттық жобасы туралы ойларымды ортаға салдым.Атап айтсақ, бұл жобаның келелі тұстары көп. Бірақ, қаржыландыру көздерінің аз болғандығынан, көп мәселелер шешімін таба бермейді. «Белсенді ұзақ өмір» ұлттық жобасының  кей тұстарын тілге тиек етті. Бұл ретте, көптеген ардагерлер ұйымдарының кабинеттері жұмыс істеуге лайықты жабдықталмаған. Сондықтан, Ұлттық жобада айтылған «Белсенді ұзақ өмір» орталықтарын ашып, мемлекеттік коммуналдық мекеме мәртебесін берсе, көп мәселе шешілер еді.

Бұл ретте, ардагерлерге медициналық қызмет көрсету жайының ақсап тұрғаны ауызға алынды. Осы ретте, емханаларда гериатриялық кабинеттер ашылса, құба-құп.

Жалпы, Ақмола облыстық ардагерлер кеңесінің жергілікті жердегі жұмысын ұтымды ұйымдастырып отырған өңірлік филиалдар қатарында Ақкөл, Атбасар, Зеренді аудандары мен Степногорск қаласын атап өтуге болады. Алда үлкен істер тұр. Енді бар күш-жігерімізді осыған жұмсайтын боламыз.

Үлкенді сыйлау, қарияны құрметтеу дәстүрі қазақ халқының ежелден келе жатқан ата салты. Өмір жолын еліміздің гүлденуі мен дамуына арнап, маңдай терін төккен аталар мен әжелерге құрмет көрсету – бүгінгі жас буынның басты парызы.

Жасы ұлғайған адамдарға ең керегі – ардагерлер ұйымы мен билік органдары тарапынан айтылатын жылы сөз, олардың еңбектерін қоғамның мойындауы, сыйластық көзқарас, сенімді қарым-қатынас. Сондықтан, алдағы уақытта осы мәселелерге басты назар аударған абзал. Ардагерлер ұйымдары, біздің барлық белсенділеріміз осынау жауапты кезеңді ойдағыдай өткізуге күш-жігерлерін салады, қарттарға нақты моральдық және материалдық көмек пен қолдау көрсетеді деп сенеміз.

Ермек НҰҒЫМАНОВ,
Ақмола облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар