Ақмола облыстық референдум комиссиясының республикалық референдум өткізуді ұйымдастыру жөніндегі жұмысы туралы

Ағымдағы жылғы 6 қазанда, елімізде республикалық референдум өткізіледі. Сол күні ел азаматтарының қатысуымен  атом элект станциясының болуы немесе болмауы шешіледі.

Республикалық референдум жұмыстарын ұйымдастыру және оны өткізу, референдум комиссияларына жүктелген.

Ақмола облыстық аумақтық референдум комиссиясымен Қазақстан Республикасы Президетінің «2024 жылғы 6 қазанда республикалық референдум өткiзу туралы» ағымдағы жылғы 2 қыркүйектегі Жарлығына, «Республикалық референдум туралы», «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңдарымен, Орталық сайлау комиссиясының үстіміздегі жылдың 3 қыркүйектегі Қаулысымен бекітілген республикалық референдумды дайындау және өткізу жөніндегі негізгі
іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Облыс бойынша, референдум учаскелерінің саны – 765, оның ішінде:
705-і азаматтардың тіркелген орындары бойынша, 60-ы уақытша болатын жерлерде, референдумға барлығы 786 референдум комиссиялары қатыстырылады, облыстық аумақтық референдум комиссиясы,
қалалар мен аудандардың 20 аумақтық референдум комиссиялары және
765 учаскелік референдум комиссиялары тартылады, құрамдарында
4540 комиссия мүшелері бар, оның ішінде: аумақтық референдум комиссияларында 147, учаскелік референдум комиссияларына 4393 адам қатысады.

26 қыркүйектегі жағдай бойынша референдум комиссияларында ваканциялық бос орындар жоқ, қажетті резерв бар. Учаскелік референдум комиссиялары 15 қыркүйектен бастап өз жұмыстарына кірісті.

Күнтізбелік жоспарға сәйкес, референдум учаскелерінің шекаралары мен учаскелік референдум комиссияларының құрамы  ағымдағы жылдың
12 қыркүйегіне дейін бұқаралық ақпарат құрладарында орналастырылды.

Сайлау инфрақұрылымы референдум өткізуге дайын.

Үстіміздегі жылдың 1 қаңтарымен салыстырғанда, учаскелер саны 38-ге көбейді, азаматтар тіркелген орындар бойынша 6 учаске және уақытша болу орны бойынша 32 учаске құрылды (2-еуі әскери бөлімдерде, 8-еуі стационарлық емдеу-алдын алу мекемелерінде, 15 – уақытша ұстау изоляторларында, 1-еуі шалғай) және 1 учаске таратылды.

Қазақстан Республикасының Орталық референдум комиссиясынан   түскен барлық материалдар мен ұсыныстары өңірлерге жедел түрде жеткізілуде.

Ағымдағы жылдың 20 қыркүйегінен бастап референдум учаскелерінде азаматтардың тізімдерімен таныстыру жұмыстары жүргізілуде.

Дауыс беру күні облыс бойынша тіркеусіз азаматтарды тіркеу үшін
8 сервистік қызмет ұйымдастырылады (5-еуі Көкшетау, 1-еуі Қосшы қалаларында, 2-еуі Целиноград ауданында (Ақмол, Қоянды ауылдары) және азаматтардың тіркелгені туралы мәліметтерді тексеру бойынша «Электрондық үкімет» порталында 147 онлайн-сервис жұмыс атқаратын болады.

Республикалық референдумды дайындау мен өткізу кезінде азаматтарды ақпараттандыруға көп көңіл бөлінуде. Осы мақсатта облыстық референдум комиссиясы баннерлер дайындап, облыстық телеарнада, Көкшетау қаласының
лед-экрандарында және бірқатар аудандарда референдум тағайындалғаны туралы және республикалық референдумға қатысуға құқылары бар азаматтардың тізімдерін тексеру туралы аудиороликтер таратылып, бейнероликтер көрсетілуде. Қалалар мен аудандардың аумақтық референдум комиссияларының сайттар күн сайын «Референдум – 2024», референдум барысы туралы арнайы өзекті ақпаратпен толықтырылады.

Сондай-ақ, Республикалық референдум туралы Конституциялық заңның көрсетілген мерзімдеріне сәйкес ресми сайттарда тиісті материалдар орналастырылуда.

Бұдан басқа, бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде референдум кезеңдері туралы модульдер және халық көп жиналатын жерлерде ақпараттық плакат орналастырылды.

Ақмола облысының азаматтары үшін «Call-орталықтарында» және «Telegram» ботында сайлау учаскесін іздеу сервисі құрылды, онда азаматтар
өз тізімдерін тексере алады.

Ресми сайттарда қалалар мен аудандардың «Call-орталықтарының» байланыстары орналастырылған. Өңірдегі барлық референдум учаскелерінің нақты орналасқан мекен-жайлары «2GIS» қосымшасында бар.

28 қыркүйектегі жағдай бойынша Ақмола облыстық референдум комиссиясы, сайлауды және республикалық референдумды байқауға құқықтары бар 8 қоғамдық бірлестіктер мен коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеді. Қоғамдық бірлестіктер мен комерциялық емес ұйымдар тізілімге енгізіліп, Орталық референдум комиссиясы мен аумақтық референдум комиссиясының сайттарында орналастырылды және екеуін («Demeu-Сенім» ҚБ және «Шанс» мүгедектерді оңалту орталығы» ҚБ) тіркеу жұмыстары жүргізілуде.

Мемлекеттік басқару академиясының филиалымен бірлесіп,
2437 комиссия мүшесін оқыту бойынша көшпелі оқыту семинарларының кестесі жасалып, оқыту жұмыстары жүргізілуде (аумақтық сайлау комиссиясының босатылған 62 мүшесі, әр учаскелік сайлау комиссиясының төрағалары мен орынбасарлары және хатшылары, 4 мүшеден).

Барлық референдум учаскелері мен барлық комиссия мүшелері осы науқанды жақсы ұйымдастырушылық деңгейде өткізу үшін референдум өткізуге дайын.

Ақмола облысы бойынша мүгедектігі бар сайлаушылардың саны 3892, оның ішінде:

– кресло-арбаларды пайдаланушылар 1337 адам (34,4 пайыз),

– көру қабілетігі нашар мүгедектер саны 1628 адам (41,8 пайыз), оның ішінде Брайль әрпін пайдалану дағдыларын игерген 42 адам.

Барлық сайлау учаскелерінде зағип және нашар көретіндер үшін бюллетень трафареттерін (Брайль әрпі бар трафареттер мекенжай бойынша жіберіледі), аудио және бейнероликтер беру жоспарланған.
Жергілікті атқарушы органдар 18 инватакси қызметін ұйымдастыруды,
76 сурдоаудармашы мамандарды тартуды жоспарлап отыр.

Ақмола облыстық референдум комиссиясы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар