Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Күн шуақты Тәжікстаннан жәрмеңке келді! - АРҚА АЖАРЫ

Күн шуақты Тәжікстаннан жәрмеңке келді!

Өткен сенбі күні облыс орталығында кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті.Бұл жәрмеңкенің бір жаңалығы, оған Тәжікстан Республикасының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің өз өнімдерін әкеліп, сауда жасауы болды. Сөйтіп, қаланың орталық алаңына жиналған келушілерге күзгі ауыл шаруашылығы өнімдерінің кең ассортименті ұсынылды.

Бүгінде, Тәжікстан Республикасының ауыл шаруашылығы өндірушілерінің елімізге өздері өсірген өнімдерін әкеліп сатуы дәстүрге айналуда. Естеріңізде болса, бұған дейін өткен тамыз айында Елорда төрінде екі республиканың Президенттері Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон арасындағы келіссөз өткен болатын. Осы уағдаластыққа сәйкес Тәжікстаннан жәрмеңке-көрме де келіп жетті. Бұл жәрмеңкенің әсері бөлек. Тәжік фермерлері ақмолалықтарға ұсынған жүзімнің, алманың, алмұрттың және басқа да көкөністер мен жемістердің алуан түрлері көз баурайды. Сондай-ақ, қала тұрғындарына бал, кептірілген жемістер мен консервілердегі шырындар, қызанақ, қияр, анзур, тау пиязын да сатып алуға да мүмкіндік жасалды.

Аталған жәрмеңкеге облыс әкімі Марат Ахметжанов пен Тәжікстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Хайрулло Ибодзода қатысып, тұрғындармен, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен сұхбаттасты. Тәжікстандық фермерлердің өнімдері сатылған орындарда тұтынушылар көптеп жиналды.

–Біз жалпы, көлемі 400 тоннадан асатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің 30 түрін әкелдік. Болашақта еліміздің Үкіметінің тапсырмасы бойынша біз Ақмола және Қазақстанның басқа да облыстарында осындай жәрмеңкелер өткізетін боламыз, – деп мәлімдеді Тәжікстан Республикасы Үкіметінің жанындағы экспорт агенттігінің директоры Ифтихор Шокиров.Сонымен бірге, жәрмеңкеде 40-тан астам өнім түрлерін әкелген Ақмола аграршылары да өз өнімдерін ұсынды. Олар ет өнімдерінің бір келісін 2,5-2,8 мың теңгеге, балық, картоп және көкөністерді 100-120 теңгеге сатса, жұмыртқа, бал және кондитерлік, макарон өнімдері мен басқа да азық-түлік өнімдерін сатылымға қойды.Ұйымдастырылған кезекті жәрмеңкеге бас-көз болған Ақмола облысы әкімінің орынбасары Мұрат Балпанның айтуынша, жәрмеңкені қала тұрғындары асыға күтеді.

– Бүгінгі жәрмеңкені Қарттар күні қарсаңында өткізіп отырмыз. Оған 9 аудан мен Көкшетау қаласы қатысуда. Бұл жолы біз қатысушылардың шеңберін кеңейттік. Ақмола облысы әкімінің шақыруымен Тәжікстаннан тауар өндірушілер келіп, ауыл шаруашылығы өнімдерін, оның ішінде жаңа піскен жемістер мен көкөністерді әкелді. Бұл – екі елдің ауыл шаруашылығы қызметкерлері үшін бір-бірімен танысып, өткізу нарықтарын кеңейтуге, ал, тұрғындар үшін экологиялық таза өнімді сатып алуға тамаша мүмкіндік. Осындай жәрмеңкелер алда да жалғасын табады. Айталық, 29 қазанда елорда тұрғындарына да осындай шара өткізуді жоспарлап отырмыз, – деді өз сөзінде Мұрат Балпан.

Сатылатынөнімдер нарықтағыдан төмен бағада болғандықтан, азық-түлік алушылар жәрмеңкеге көпкелді.Бұл тұрғындар үшін сөз жоқ, мол олжа болды.

–Өнім сапалы, ассортименті де жақсы. Өз басым сүт, ет, бірнеше ондаған жұмыртқа, бал сатып алдым. Бағалары ойымнан шықты, күнделікті бағадан төмен. Барлық өнімдер керемет. Осындай жәрмеңкелерді өткізген басшыларға рахмет, – деді Көкшетау қаласының тұрғыны Замария Жакеева. Мұны біз көптің пікірі деп түсіндік.

Мұхамет ТІЛЕУБАЙ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар