Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бес миллион тонна бидай бастырылды - АРҚА АЖАРЫ

Бес миллион тонна бидай бастырылды

Ақмола облысының диқандары орақ науқаны кезінде бес миллион тонна бидай бастырды. Ауыл шаруашылығы министрлігінің дүйсенбі күнгі мәліметі бойынша, бұл республика бойынша жиналған егіннің төрттен бір бөлігі.

Ақмола облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, өңірде астық жинау науқаны жалғасуда. Бүгінгі таңда дәнді және бұршақты дақылдар егілген 4,7 миллион егіс алқабының 3,8 миллион гектары өңделді, облыс бойынша орташа өнімділік гектарына 13 центнерден келеді. Енді егін алқабының шамамен 20 пайызын жинау керек, ал, шаруалар ауа-райының қолайлы болуы егін орағын сәтті аяқтауға көмектеседі деп үміттенеді.

Шортанды ауданы Новокубанка ауылынан келген «ВАЛ» шаруа қожалығының басшысы Айгүл Ленивкинаның айтуынша, олардың шаруашылығында егін жинау науқаны аяқталуға жақын.

– Баламыз Вадиммен бірге жұмыс істейміз, ол «Акбарс» шаруа қожалығын басқарады. Жеріміз көп емес, бар болғаны 500 гектардай, тіркемелерімен бір «Вектор» комбайны бар, жалпы, қажетті техниканың бәрі бар, астық экспорттау үшін КамАЗ көлігін жалдап жатырмыз. Егіннің шығымы жаман емес екенін қазірдің өзінде айта аламын. Біз әр гектардан 20 центнерден, мол астық алдық. Олар – үшінші сортты, біразы төртінші сортты. Біз мәреге жеттік, барлығы 900 тоннадан асады деп ойлаймын, – шаруа қожалығының басшысы Айгүл Ленивкина.

Айгүл Баяндинқызының айтуынша, оның ұлымен екеуінің  кәсіпорны барлық қиындықтарға қарамастан табысты деп айтуға болады. Өткен жылдың өзінде яғни, егіннің шығымы төмен болған кезде де олар қатты зардап шеккен жоқ: қатты жаңбыр басталмай тұрып, оның көп бөлігін жинап үлгерген. Сондықтан биылғы жылы несиесіз жұмыс жасап келеді. Ендігі жерде облыстағы барлық диқандар сияқты Ленивкиндіктердің де басты мақсаты – егінді жақсы бағаға сату.

Қазір ұсынылып отырғаны баға (үшінші сортты астықтың тоннасы 69-70 мың теңге) ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қанағаттандырмайды. Өкінішке орай бұл жағдай облыстың басқа аймақтарында да жалғасуда. Облыс бойынша тәулігіне егіс алқаптарына барлығы 8,9 мың астық жинайтын комбайн, бес мыңға жуық жүк көлігі шығады. 80,3 мың тонна дизельдік отынның кепілдік берілген көлемі бөлінді.

Кәсіпорын басшысы Василий Бойконың айтуынша, Жақсы және Сандықтау ауданындағы «Труд» серіктестігінің егістік алқаптарында егіннің 60 пайыздан астамы жиналды. Ал, серіктестіктің көлемі айтарлықтай: 28,7 мың гектар бидай мен үш мыңнан астам сұлы егілді. Егістікте тоғыз заманауи комбайн жұмыс істеп тұр.

– Қатты сұрыпты бидай гектарына шамамен 15 центнерден, ал, жұмсақ сұрыпты бидай 10 центнерден өнім береді. Әлі элеваторларға астықты жеткізген жоқпыз, бірақ әлі де сапалы болады деп үміттенеміз. Әрине, егістік шығымында бүлінген дақылдар бар. Емдеу жұмыстары жүргізілді, бірақ жаңбырдың кесірінен онша көмектеспеген сияқты, – дейді Василий Васильевич.

Оның айтуынша, жауапкершілігі шектеулі серіктестік биыл химикаттар мен тыңайтқыштарға субсидия алған, жанар-жағармайдан да проблема жоқ. Ылғалды дәнді өңдеу үшін өз кептіргіштерін пайдалануға болады. Енді шаруа қожалығы үшін ең бастысы – жақсы ауа райы әлі он күнге созылып тұрса болғаны.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, облыста астық сақтау көлемі жеткілікті. Егінді жалпы сақтау сыйымдылығы 4,3 миллион тоннаны құрайтын 66 лицензиясы бар астық сақтайтын кәсіпорны қабылдайды. Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының да өз астық қоймаларынан бөлек, тағы 2,9 миллион тонна астық қоймалары бар. Қазіргі уақытта облыстағы астық қабылдау кәсіпорындарына бір жарым миллион тоннаға жуық астық түсті;

Қазіргі уақытта облыстағы астық қабылдау кәсіпорындарына бір жарым миллион тоннаға жуық астық түскен, олардың жұмыс көлемі 32 пайызды құрайды.

Элеваторларға түсетін жаңа дақылдың 60 пайызы үшінші сортты жақсы астық.

Владислава КОКОРИНА,
Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар