Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі қарсаңында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Тәжікстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Хайрулло Ибодзодамен кездесті.
– Біз сіздерді қонақжай Ақмола жерінде қарсы алуға қуаныштымыз. Ақмола облысы – Қазақстанның негізгі ауыл шаруашылығы өңірлерінің бірі және біз Тәжікстан Республикасын халықаралық аренадағы маңызды әріптес ретінде қарастырамыз. Бүгінгі іс-шара біздің ынтымақтастығымызды жандандыратынына сенімдімін. Ақмола облысы экономиканы дамытуға септігін тигізетін инвестицияларды тартуда үлкен әлеуетке ие және ынтымақтастықты кеңейту үшін кез-келген ұсыныстарды қарастыруға дайын, – деп атап өтті Марат Ахметжанов.
Хайрулло Ибодзода ортақ мүдделер негізінде Қазақстан-Тәжікстан қатынастарының орасан зор әлеуетін атап өтті. Тараптар сауда-экономикалық саладағы ағымдағы жағдайды қарастырып, ауыл шаруашылығындағы өзара іс-қимылды нығайту перспективаларын талқылады, сондай-ақ басқа да бірқатар мәселелерді қозғады.
Айта кетейік, Ақмола облысы мен Тәжікстан Республикасы арасындағы сыртқы сауда айналымының көлемі осы жылдың 7 айында 12,9 миллион АҚШ долларын құрады.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.