Құрметті ақмолалықтар!
Сіздерді Халықаралық қарттар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Қарттар – халық даналығын,біздің озық дәстүрлерімізді сақтаушылар, жастарымыз үшін лайықты үлгі-өнеге.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевөзіміздің дәстүрлі ұлттық құндылықтарымызға ұқыпты және құрметпен қарау арқылы ғана Әділетті Қазақстан қоғамын қалыптастыра алатынымызды атап көрсеткен болатын. Ал, бұл құндылықтардың басты иелері әрқашан аға ұрпақ өкілдері.
Солардың еңбегімен рухани және материалдық байлығымыз жасалып, қалалар бой көтеріп, өнеркәсіп дамып, денсаулық сақтау, білім беру жүйелері жетілдірілді. Алайда, олардың жомарттықпен бөлісетін басты мұрасы – даналық пен баға жетпес өмірлік тәжірибесі.
Құрметті ардагерлеріміз!
Әрқайсымыз үшін сіздердің тағдырларыңыз шынайы патриотизм мен Отанға деген сүйіспеншіліктің жарқын өнегесіне, қажырлы еңбектің, табандылық пен абыройдың үлгісіне айналды. Сіздер бұл қасиеттеріңізді ең қиын жылдарда да жоғалтпадыңыздар, өмірлік қиындықтарды жеңе алатынымызға сенімділік таныттыңыздар.
Бүгінгі күні Сіздерді жылылық пен қамқорлыққабөлеп, лайықты өмірмен және ертеңгі күнге деген сеніммен қамтамасыз ету – баршамыздың міндетіміз.
Осы мереке күні Сіздерге зор денсаулық, амандық және ұзақ жылдарға жететін белсенді, бақытты өмір тілеймін!
***
Қымбатты ардагерлер, құрметті зейнеткерлер!
Депутаттық корпус атынан сіздерді Халықаралық қарттар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Осы тамаша мереке күні біз дәстүрлі түрде үлкен әріптестерімізді, достарымызды, ата-аналарымызды, ата-әжелерімізді, зейнет жасына жеткен және республикамыздың дамуына баға жетпес үлес қосқан еліміздің барлық азаматтарын құрметтейміз.
Аға буын адамдарын қолдау, оларға үнемі қамқорлық жасау –мемлекетіміздің әлеуметтік саясатының негізгі бағыттарының бірі. Жыл сайын инфляцияны ескере отырып, зейнетақы мөлшері ұлғаюда, қарттар мен мүгедектерді санаторий-курорттық емдеуге бюджет қаражаты бөлініп, әлеуметтік тапсырыс шеңберінде егде жастағы адамдардың бос уақытын ұйымдастыру бойынша жобалар іске асырылуда. Ақмола облысында да көптеген іс-шаралар өткізілуде, жыл сайын қазан айында өңірімізде ата-аналар, ата-әжелер біздің өмірімізде қандай рөл атқаратынын, үлкендерді құрметтеу және ұрпақтар сабақтастығын үзбеу қаншалықты маңызды екенін тағы да еске салуға арналған мүгедектерді қолдау айлығы өткізіледі.
Үлкен өмір мектебінен өткен біздің көптеген ардагерлеріміз бен зейнеткерлеріміз әлі де белсенді жұмыс істеуді, өскелең ұрпақты тәрбиелеумен айналысуды жалғастырып, өз балаларына ғана емес, айналасындағыларға да баға жетпес тәжірибе мен білім беруде.
Кұрметті ардагерлер мен зейнеткерлерге, қажырлы еңбектеріңіз үшін, облысымыздың өнеркәсіптік, ғылыми және мәдени әлеуетін құруға белсенді қатысқандарыңыз, тұрақты қолдауларыңыз үшін шын жүректен алғысымды білдіремін. Сіздерге зор денсаулық пен амандық, жігер мен оптимизм, отбасыларыңызға бейбітшілік пен жылулық тілеймін. Өмірдің күзі жарқын және шуақты, жақындарыңыз бен туыстарыңыздың ортасында қуаныш пен тыныштыққа толы болсын!
Бейбіт ЖҮСІПОВ,
Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы.