Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2024 жылғы 11 маусымдағы бұйрығымен 1 қазан – Қазақстан Республикасының жоғары білім қызметкерлері күніболып кәсіби мерекелердің тізбесіне енді.
Жоғары білім саласы – ел ғылымы мен білімінің қарқынды түрде дамуына айрықша әсер ететін қозғаушы күш. Осыған орай, Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің ректоры Марат Сырлыбаевтың оқу орны қабырғасында ұжыммен және жұртшылықпен кездесуі болып өтті. Оған ғылым мен тәжірибені ұштастырған оқытушы-ғалымдар, өңірдің жетекші кәсіпорындары мен ұйымдарының басшылары, бизнес, зиялы қауым, БАҚ өкілдері қатысты. Жоғары оқу орындары қызметкерлерінің кәсіби мерекесін атап өту осы ортаны қалыптастырудағы, ғылымды дамытудағы бір маңызды шара ретінде жоғары білім беру саласындағы мамандардың беделін көтеруге ықпал етеді. Бұл кәсіби мереке, сондай-ақ, Қазақстанның білім беру саласын нығайтуда және оның қызметкерлерінің елдің қоғамдық дамуы мен өркендеуіне қосқан үлесін мойындауда маңызды рөл атқармақ.
–Қазақстан Республикасыжоғары білім беру қызметкерлері күнінде мен сіздерге университетіміздің 2023-2024 оқу жылында атқарылған жұмысы мен жетістіктері туралы жылдық есепті ұсынып, ағымдағы оқу жылына арналған міндеттерді белгілегелі отырмын. Біздің оқу орнымызда білім сапасы басты басымдықтардың бірі болып табылады. Біз халықаралық стандарттарға сай болып, одан да асып түсетін білім беру ортасын құруға тырысамыз. Оқыту бағдарламаларымыз еңбек нарығының өзекті талаптары мен ғылымдағы жаңа үрдістерді ескере отырып әзірленген. Ғылыми-зерттеулер біздің миссиямыз бен стратегиямызда жетекші орын алады, ал, зерттеу жобаларымыз ғылыми бағыттардың кең аясын қамтиды. Біз жетекші университеттермен және зерттеу орталықтарымен серіктестік байланыс орната отырып, халықаралық ынтымақтастықты белсенді дамытудамыз. Бұл ғалымдар мен студенттерге тәжірибе алмасуға, бірлескен жобаларға қатысуға және ғылымның озық жетістіктеріне қол жеткізуге мүмкіндік береді. Әлеуметтік әріптестік саласындағы бастамаларымыз өзекті әлеуметтік міндеттерді шешуге және өңір мен қоғамның нақты қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған. Университеттің білім беру бағдарламалары оқу сапасын жақсартуға және оны студенттер үшін қолжетімді етуге мүмкіндік беретін жаңа технологияларды белсенді түрде біріктіреді. Біз қашықтықтан оқыту курстарын белсенді дамытып келеміз, бұл ыңғайлы уақытта және кез келген жерде оқуға мүмкіндік береді.Бүгінгі кездесу біздің ұжымымыздың бірлескен жұмысының нәтижесі болып табылады. Біз ғылым мен жоғары білім беру жүйесіндегі жоғары стандарттарға бірге ұмтылуды жалғастырамыз. Алда жаңа жетістіктер мен жеңістер күтіп тұрғанына сенімдімін, – деді ректор.
Ш.Уәлиханов атындағы университет – Ақмола облысының жоғары білім беру жүйесінде 60 жылдан астам көшбасшы.Осы жылдар ішінде университет аймақ пен жалпы еліміз үшін ондаған мың маман даярлады. Оқыту бакалавриаттың 60 білім беру бағдарламасы, магистратураның 41 бағдарламасы, докторантураның 10 бағдарламасы бойынша жүргізіледі.Университет халықаралық деңгейде бірлескен білім беру және ғылыми жобаларды үйлестірумен, әзірлеумен және жүзеге асырумен айналысады. The Impact Ranking – 2022 рейтингісіне сәйкес жеке көрсеткіштер бойынша әлемнің 200 университетінің қатарына кіреді және QS Central Asia – 2023 әлемдік рейтингінде 29 орын алады.
Іс-шара соңында университет ректоры оқытушылардың бір тобын ғылым мен жоғары білімге қосқан үлесі үшін Алғыс хаттармен және «Шоқан Уәлиханов атындағы университеттің дамуына қосқан үлесі үшін» және «Ахмет Байтұрсынов» атындағы мерекелік медальдарымен марапаттады.
Салтанат БӘКІРОВА,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.