Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Саяхат-2024» форумы Бурабайдан бастау алды - АРҚА АЖАРЫ

«Саяхат-2024» форумы Бурабайдан бастау алды

Бүгінгі таңда Қазақстанда туризм саласы ұлттық экономиканың маңызды бөлігіне айналуда. Соңғы жылдары туристер қатарының өсуі айтарлықтай. Жуырда 27 қыркүйек – Дүниежүзілік туризм күні қарсаңында Қазақстанның туристік саласының жетекшілері және шетелдік қонақүйлердің 50-ден астам өкілі «Саяхат-2024» Қазақстантуристік форумында бас қосты.

Бурабайда өткен бұл форумда олар саладағы негізгі трендтерді, тұтынушылардың қалауындағы өзгерістерді, туризм индустриясындағы стандарттарды және тәуекелдерді басқаруды талқылады. Ауқымды шараны Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің қолдауымен «Туристік қамқор» корпоративтік қоры ұйымдастырды. Аталған қор елазаматтарының туризм саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің әкімшісі болып тағайындалған. Қор туроператордың немесе туроператор-чартердің өз міндеттемелерін орындау мүмкіндігі болмаған жағдайда, қазақстандық туристердің уақытша барған елден республика аумағына тез оралуын қамтамасыз етеді. Қайтару банктік кепілдік арқылы жүзеге асырылады.

– Мемлекет басшысының туризмдегі басым бағыттарды дамыту жөніндегі тапсырмасына байланысты форумның жұмыс алаңы ретінде Бурабай курорты таңдалды. Біз Қазақстан Республикасы азаматтарының туризм саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің аралық қорытындысын шығарып жатырмыз. Бүгінгі таңда жүйеге қатысатын туроператорлардың саны 70-тен асады. Олар 812228 туркод шығарды. Саланың дамып, жетіліп жатқанын, көптеген түйткілді мәселелердің шешілгенін көріп отырмыз. Ішкі туризмнің көптеген бағыттары өз елімізден басталады. Қазақстаннан ұйымдасқан түрде шетелге ұшатын туристер ағыны жыл сайын артып келеді. Бұл туристерді қорғау іс-шараларының тиімділігін көрсетеді. Әрине, көптеген қиындықтар да туындауда. Өйткені, біз көрші елдер үшін туристік хабқа айналып жатырмыз. Туроператорлар ел Президенті айтқан көптеген мәселелерді шешуде. Өзбекстан, Қырғызстан, Ресейден туристер бізге келіп, біздің турпакеттер мен көлік қызметтерін пайдалана отырып, Оңтүстік-Шығыс Азияға, Еуропаға, Түркияға саяхат жасайды. Естеріңізге сала кетейін, қазақстандықтар шетелге саяхаттау кезінде тек ұйымдасқан туроператорларға, заң шығару саласында жұмыс істейтін турагенттерге хабарласуы керек. Оларды біздің веб-сайттан немесе мобильді қосымшаны жүктеп алу арқылы табуға болады. Содан кейін сіз еліміздің қорғауында екеніңізге сенімді боласыз, – деді «Туристік қамкор» корпоративтік қорының төрағасы Инна Рей.

Сондай-ақ, форумда Қазақстанның туристік индустриясының жетекші ойыншылары, халықаралық туристік қауымдастықтар, шетелдік серіктестер, ірі туроператорлар жаңа туристік бағыттарды таныстырды. Іс-шараның бас серіктесі атанған «SCAT» әуе компаниясының вице-президенті Владимир Сытник Қазақстандағы туризм индустриясын жаңа жағдайда дамыту жөніндегі өз көзқарасымен бөлісті. Және де мәскеулік «Белмаре» туристік компаниясының басшысы, «Туризм елі» қауымдастығының негізін қалаушы, екі бизнес бестселлердің авторы Диана Фердман «Жаңа шындықтағы туристік бизнестің өсуіне арналған 12 қадам» атты шеберлік сабағын өткізді.

– Қазақстанның барлық туроператорлары, туристік әуе компаниялары, турагенттіктері басымызды қосып, бірнеше сұрақты талқылап отырмыз. Біріншіден, тур агенттіктерінің реитингісін енгізуге дайынбыз. Бұл отандастарымыздың таңдаулы тур агенттіктер қатарына қосылуларына оңай болады. Екінші, туризм саласы бойынша барлық мәліметтер қамтылған «Tour Code Kz» порталын құру. Үшінші мобильді қосымша енгізіп жатырмыз. Ол қазақстандықтар шетелге демалуға шыққанда көмекші болады. Оған қоса, қосымша арқылы Қазақстанға оралуға билеттері болмаса, қонақ үйде орын болмаса немесе басқада қиындықтар туындаса, бізге хабарласа алады. Бір батырма арқылы бізге мәлімет келеді. Біз уақытында шешіп беріп отырамыз. Осындай форум жыл сайын өтеді деп ойлаймын. Өйткені, бизнес жағынан жақсы мүмкіндік. Тур агенттіктер арнайы келіп, туроператорларға, мемлекеттік органдарға, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасына өз мәселелеріне байланысты сұрақ қоя алады. Сондай-ақ, форумды өткізуге Бурабай өңірін таңдаған себебіміз, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биыл туризмді дамыту бойынша Бурабай курортық аймағы, Алматы және Маңғыстау өңіріне назар аударған болатын. Сол үшінде бізге Бурабайдың туристік әлеуетін арттыру маңызды, – деді өз сөзінде «Туристік қамқор» корпоративтік қорының директоры Асылхан Есілов.

Сонымен бірге, форум туроператорлар мен турагенттерге арналған тәжірибе алмасумен және маусымның соңғы бағыттары мен жаңа туристік өнімдерді таныстырумен аяқталды. «Мұндай ауқымды жиынды ұйымдастыру орасан зор қаржылық инвестиция мен адам ресурстарын қажет етеді. Кәсіби мамандар арасындағы диалог жыл сайынғы шараға айналады деп сенеміз. Біз туризм нарығының өкілдерімен кәсіби тәжірибемізбен және жаңа өнімдерімізбен бөлістік», – деп атап өтті «Эйр Астана»әуе компаниясының Қазақстандағы сату жөніндегі аға менеджері Камила Садырбакиева.

– Біз туроператорлардың турагенттермен өзара әрекеттесуіне, ұсынылатын өнімге, комиссиялық алымдарға қатысты өзекті жұмыс мәселелерін талқыладық. Туризм индустриясының нарығы соңғы үш жылда 20 пайызға өсті. Адамдар көбірек саяхаттай бастады. Қызмет көрсету талаптары артты. Сұраныс бізді ұсыныстар әзірлеуге мәжбүр етеді. Сондықтан, біз көптеген маңызды міндеттерді шешуіміз керек», – деп атап көрсетті форумға қатысушы «Компас» туроператоры Анна Загоруйко.

«Саяхат-24» Қазақстан туристік форумы елімізде алғаш рет өткізіліп, Көкшетау өңірінен бастау алды. Алдағы уақытта ол өзге әлеуетті туристік орындарда да жалғасын таппақшы. Бұлда болса, көркем табиғатымызды шетелдік туристерге көрсетіп, таныстыру және туристік салада өзгелерден қалмауға ұмтылудың көрінісі.

Вероника Бурда,
Мұхамет ТІЛЕУБАЙ.

 Бурабай ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар