Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың Мұғалім күнімен құттықтауы!

Құрметті ұстаздар және педагогика саласының еңбек ардагерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Мұғалім күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Сіздердің қиын да қызықты игі жұмыстарыңыз қоғамда лайықты құрметке ие және жоғары кәсібилікті, орасан зор ақыл-ой күшін, даналықты, шыдамдылық пен адалдықты талап етеді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев білім мен ғылымды дамыту мемлекеттік саясаттың ең маңызды басымдығы екенін бірнеше рет атап өтті. Бүгінгі таңда облысымызда жаңа балабақшалар мен жайлы мектептер салынуда. Ескі ғимараттар күрделі жөндеуден өтіп, ауылдық білім беру ұйымдары ең заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталып, жаңа технологияларды енгізу үшін арнайы кабинеттер мен зертханалар ашылып жатыр.

Колледждердiң материалдық жағдайының жаңартылуы, оның негiзгi мiндетi – бәсекеге қабiлеттi және еңбексүйгіш белсендi мамандар даярлау.

Педагогтарымыздың кәсіби деңгейі де жыл сайын артып келеді, мыңдаған тәрбиешілер, мұғалімдер және өндірістік оқыту мамандары өз біліктіліктерін арттыруда. Нәтижесі – балаларымыздың ғылыми жоба жарыстарында, пәндік олимпиадаларда, кәсіби шеберлік байқауларында жеңіске жетуі.

Құрметті ұстаздар!

«Ұстаз болу – биік талап, ерекше дарын және асыл миссия. Мұғалімдер білім береді, оқушылардың жоғары адамгершілік қасиеттерін ашады, шығармашылық ойлау, өз бетінше шешім қабылдау қабілеттерін дамытады». Ұлы Абайдың осы сөзінен біз сіздердің мамандықтарыңыздың мәнін көреміз. Өздеріңіздің адал да, тынымсыз еңбектеріңізбен мемлекетіміздің бақытты болашағының іргетасын қалап отырсыздар.

Өздеріңіздің кәсіби мамандықтарыңызға берілгендіктеріңіз бен балаларымызға деген қамқорлықтарыңыз үшін рахмет!

Осы тамаша мерекеде Сіздерге зор денсаулық, бақыт, таусылмас күш-қуат және білім мен шығармашылық өсудің биік шыңдарына қарай үздіксіз алға жылжу тілеймін!

*** 

Қымбатты  мұғалімдер, құрметті педагогикалық еңбек ардагерлері!

 Сіздерді кәсіби мереке –5 қазанда атап өтілетін Мұғалім күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Мұғалімнің кәсібі көп қырлы. Сіз білім бересіз, жас ұрпаққа түрлі ғылымдарды үйретесіз, еліміздің болашақ азаматтарын тәрбиелейсіз, оларға ар-намыс, жақсылық және әділеттілік ұғымдарын енгізесіз. Көп жағдайда мұғалімдердің арқасында, олардың күш-жігерімен ұрпақтар сабақтастығы мен дәстүрлер сақталуда.

Ақмола облысында таланты мен кәсіби жетістіктері жалпыға бірдей танылған мұғалімдер өте көп екенін атап өткеніміз жөн. Педагогикалық ұжымдарда мұғалімдердің көп жылдық тәжірибесі жас әріптестерінің жаңашылдықтары мен шығармашылығымен сәтті үйлеседі. Соңғы жылдары мектептеріміздің оқу-әдістемелік базасын дамыту, материалдық-техникалық жарақтандыруды нығайту, оқыту және тәрбиелеу үшін заманауи қолайлы жағдайлар жасау бойынша көп жұмыстар атқарылуда. Бірақ,ең басты құндылық – біздің мұғалімдердің үлгісі мен шеберлігі, олардың адалдығы, жігері және балаларға, өз кәсібіне деген сүйіспеншілігі.

Мұғалім күні – әрқайсымызға ардагерлерімізге үлкен  ризашылығымызды  білдіруге, өз үлгісімен мейірімді, әділетті және жақсы  адам болуға үйреткен алғашқы тәлімгерлерді еске алуға тамаша себеп.

Қымбатты мұғалімдер, мамандықтарыңызға берілгендіктеріңіз және балаларға қамқорлықтарыңыз үшін зор алғыс! Игі істеріңізге сәттілік тілеймін, ақылды, парасатты және ойшыл шәкірттеріңіз көп болсын. Қиын, бірақ, осындай маңызды және қажетті педагог кәсібіне деген сүйіспеншіліктеріңізәрқашан жүректеріңізде сақталсын. Жұмыстарыңыз мол қуаныш пен қанағат әкеліп, жоғары бағаланатын болсын.  Денсаулықтарыңыз мықты болып, отбасыларыңызда  амандық пен бақыт, шексіз қуат пен оптимизм орын алсын. Мереке құтты болсын!

 Бейбіт ЖҮСІПОВ,
Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар