Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Тарих пәні мен ғылымына арналған жиырма жыл - АРҚА АЖАРЫ

Тарих пәні мен ғылымына арналған жиырма жыл

Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің тарих, география және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының қауымдастырылған профессоры, PhD докторы, үздіксіз білім беру институтының басшысы Айнұр Шөкеева 2001 жылдан бастап тарих пәнінің оқытушысы болып жұмыс істейді. Осы уақыт ішінде ол өзін мықты ғалым және парасатты тәлімгер ретінде көрсете білді.

Айнұр Шөкеева университетте үшінші жыл жұмыс істейтін теология кафедрасының бағдарламасын әзірлеушілердің бірі. Сонымен қатар, Ақмола облысы бойынша саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі комиссияның мүшесі ретінде 10-ға жуық кітап шығарды.

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Бірлестік ауылында дүниеге келген, бұл күнде өзі сабақ беретін жоғары оқу орнының тарих факультетін үздік бітірген, одан әрі магистратураға оқуға түскен оның тәлімгері өңір тарихының бастауында тұрған белгілі тарихшы Қадыржан Әбуев еді.

Әрдайым жаңа білім іздеп, 2016 жылы докторантураға түсіп, 2023 жылдың қаңтарында ғылыми атағын қорғады. Жұмыстың тақырыбы 1954-1964 жылдар аралығындағы солтүстік аймақ тұрғындарының күнделікті өмірі, тың және тыңайған жерлерді игеру дәуірі.

–Мен осы 10 жыл ішінде қазақтардың тұрмыс-тіршілігін жете зерттедім. Респонденттермен, сол дәуірде өмір сүрген адамдармен сұхбат жүргіздім. Тарих саласында іріоқиғалар белсенді зерттелуде, алайда, бұл тарихты жазғандардың өмірі шетте қалып отыр, сонымен қатар, күнделікті өмір дебіздің салада сұранысқа ие болып жатыр, мен оған көп көңіл бөлемін. Бұл – Қазақстандағы жаңа бағыт. Менің тәлімгерім Қадыржан Әбуев өңірдің тарихын зерттеу қажет екенін жиі айтатын. Мен өз жұмысымды ғылыммен айналысып, өзіндік тұрғыдан дамып, студенттермен жұмыс істегенім үшін ұнатамын, сонымен қатар, өз мамандығымның арқасында өскелең ұрпақты тәрбиелеуге үлес қосамын. Ең бастысы, біздің өңірде ғылымды дамыту үшін барлық мүмкіндіктер бар, – дейді Айнұр Таласбекқызы.

Кейіпкерімізғылымнан басқауниверситеттің қоғамдық өміріне белсенді қатысады, үздіксіз білім беру институтының жетекшісі ретінде «Күміс университет» бірегей әлеуметтік жобасымен жұмыс істейді, мұнда зейнеткерлер тілдерді оқиды, спортпен шұғылданады, қоғамға бейімделеді, тігін курстары мен компьютерлік сауаттылықтан өтеді. Көкшетау аталған жобаны іске қосқан алғашқы қала болып есептеледі. Айнұр Шөкееваның пікірінше, жастар арасында тарихқа деген қызығушылық жоғары. Сонымен қатар, ұстаз студенттерге тарихқа деген сүйіспеншілікті қалай сіңіруге болатынын да айтып берді.

–Жастар Қазақстан тарихына үлкен қызығушылық танытуда. Осы пән бойынша барлығы мемлекеттік емтихан тапсырады.  Біз тарих факультетінің студенттерімен ғана емес, түрлі кәсіп өкілдерімен де жұмыс істейміз. Жаңа оқу жылында біздің университетке 100-ге жуық жаңа болашақ тарихшылар келді. Мен студенттермен бірге тарихи орындарға экспедицияларға шыққанды ұнатамын. Біз саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау бойынша жұмыс жүргізген кезде студенттермен бірге, Ақмола облысының бұрынғы саяси лагерьлеріне барғанымызда, Зеренді ауданында осындай 4 лагерьді зерттедік, мұндай жерлердің өңірде барын көбіміз білмейді де екенбіз.  Сондай-ақ, біздің студенттер респонденттермен, тарихи маңызды оқиғаларға куә болған адамдармен жұмыс істейді. Кітаптардан басқа, тарихи маңызды оқиғалар орын алған жерлерді анықтап, көрсету де маңызды. Мен студенттерімнің бойында ғылымға деген сүйіспеншілікті оятуға тырысамын, осылайша олардың әрқайсысы зерттеуге қатысып, оған өз үлесін қосады. Мұндай экспедициялардан кейін көптеген адамдар дипломдық жұмыстарға тақырыптар алып, магистратураға оқуға түсіп жатады. Сонымен қатар, мен тәрбиесіз білім берудің дәрменсіз екеніне сенімдімін, сондықтан, студенттеріме сабақ бергенімде азды-көпті жиған тәжірибеммен және өмірлік даналықпен бөлісуге тырысамын. Мен оларға құрметпен қараймын, «сіз» деп айтамын. Тәртіпсіздеу студенттер болса, олармен жеке жұмыс жүргіземін, өйткені,бұлардың барлығы кешегі мектеп оқушылары, әлі балалар, – деп бөліседі өз ойымен Айнұр Шөкеева.Ұстаз пікірінше, әр азамат өз елінің тарихын білуге міндетті.

–Кішкентай балалардан бастап,әрбір азамат елінің тарихын білуге міндетті, өйткені, ол өскенде әкім, депутат немесе ірі кәсіпкер сияқты бір саланың маманы болады. Мүмкін, ол басқа елге іссапарға барып, Қазақстанды шетелде таныстырады, одан Қазақ хандығының қашан құрылғаны туралы сұрауы мүмкін, мұндай сәттерде тарихи білім қажет. Тарихшыларға үлкен жауапкершілік жүктелген, өйткені, олар барлық оқиғалардың тарихын білуге міндетті. Мысалы, математик өз пәнін біледі, сол секілді тарихшы да математика тарихын білуге міндетті. Біз барлық салалардың тарихын білуге міндеттіміз. Сонымен қатар, қоғамдағы идеология тарихтың көмегімен қалыптасады. Біз фактілерге сүйеніп, оқиғаларға дұрыс баға беруіміз керек, дәрігер ант бергеніндей, тарихшы өзінің жеке көзқарасы мен пікіріне қарамастан, тарихты шынайы жеткізуге міндетті. Өткен тарих, қазіргі және болашақ тарихымыз өзара тығыз байланысты, – деп атап өтті Айнұр Таласбекқызы.

Үш баланың анасы мен сүйікті жар жұмысқа да, отбасына да уақыт бөлуге тырысады, алайда, ұстаздық тынымсыз жұмыс көп уақытты қажет етеді. Бірақ, жұбайы Болат НұрымұлыШөкеевАйнұр Таласбекқызын әрдайым қолдай біледі. Ұлағатты жан өз сөзін:

–Мен әрқашан отбасы мен жұмысты бірге алып жүруге тырыстым, екі бағыт та мен үшін өте маңызды. Балаларымыздың кішкентай кезінде анам Төлеу КөкенқызыҚайыржановажақсы қолдау көрсетті. Сонымен қатар, жұбайым әрқашан менің бастамаларыма қолдау білдіріп, қолынан келгенінше көмектеседі. Менің жұмысымда көптеген іссапарлар мен өзге де іс-шаралар бар. Соның бәріне отбасым түсіністікпен қарағанына, жетістіктеріме қуанғандарына өз басым өте ризамын, – деп түйіндесе, ұстаздың бұлай тебіреніп, толғауының да жөні бар. Әрдайым өмір және еңбек жолыңыз осылай жақсы қалыптаса берсін, ғылыми жұмысқа да береріңіз молболсын, Айнұр Таласбекқызы!

Алма БАЙҒОЖИНА.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар