Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Шешен тіл, шалқар ой мен шабыт иесі - АРҚА АЖАРЫ

Шешен тіл, шалқар ой мен шабыт иесі

Жуырда Көкшетау қалалық қазақ кітапханасында Ақмола, Көкше өңірлерінен шыққан айтулы тұлғалардың өмір жолын өскелең ұрпақққа үлгі ету мақсатында қолға алынған «Туған өлке» жобасы аясында көрнекті қалам иесі Сарбас Ақтаевтың 90 жасқа толуына орай, «Қаламгер парызы – елдік мұратқа қызмет ету» атты әдеби кеш болып өтті.  

Кеш әйгілі журналист-жазушы, аудармашы Сарбас Ақтаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы деректі көрсетілімнен басталды. Онда бір кезде Көкшетаудан өз қабілетіне сеніп Алматы асқан, одан табиғи мол дарыны және еңбекқорлығымен баспасөз саласында, сондай-ақ, әдеби ортада ойып тұрып өз орнын алған жерлес қаламгердің өмір және қызмет белестері жан-жақты көрініс тапты деуімізге болады.

Бұдан кейін сөз кезегі Сарбас аға жетекшілік еткен республикалық «Халық кеңесі» газетінің Көкшетау облысы бойынша меншікті тілшісі болып бірнеше жыл қызмет атқарған, сөйтіп, жерлес қаламгердің туған жеріне келген сапарларында жанында бірге жүріп-тұрған Ақмола облыстық «Арқа ажары» газетінің бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Қайырбай Төреғожаға беріліп, сол бір естен кетпес күндер, абзал ағаның азаматтық болмыс-бітімі, шығармашылығы туралы әсерлі әңгіме өрбіді.

Бұдан кейін сөз алған Ақмола облыстық әдебиет және өнер музейінің ғылыми қызметкері Нұрболат Әлменов тоқсан жылдық мерейтойына орай, музей директоры Нұрбек Нұралинмен бірге өздерінің арнайы Алматыға барып, Сарбас ағамен жүздескен, сөйтіп, мәнді де мағыналы сұхбаттарын жазып алған жұмыс сапарынан тәлімді сыр шертті.

Сол сияқты, әдеби кеште Сарбас ағамыздың қарындасы Раушан Төлеубекқызы Шәріпжанова, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті жанындағы көпсалалы колледжінің оқытушысы Көгершін Ескендірова сөз сөйлеп, тоқсанға келген жасы, өзіндік қадір-қасиетімен абыз ақсақалға айналып отырған  данагөй тұлға туралы шуақты  әңгімені толықтыра түсті.

Мазмұнды шараны қалалық қазақ кітапханасының меңгерушісі Жанар Айтқожина қорытындылап, қазақ баспасөзі мен әдебиетінің көрнекті өкілінің айшықты мерейтойына арналған кешке келген әдебиетсүйер қауымға, соның ішінде кітапхана оқырмандары мен студент жастарға өз алғысын жеткізді. Шара қатысушылары мұнымен бірге, жерлес жазушыға арналған тақырыптық көрмені тамашалады.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар