Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ұстаз – ұлттың көркем келбеті - АРҚА АЖАРЫ

Ұстаз – ұлттың көркем келбеті

Бүгінгі таңда сапалы құрамның – саналы ұрпақ тәрбиелеуіне негіз болған Қазақстанның педагогикалық кадрлар даярлаудағы маңызды орталығы болып саналады және болашақ мамандарды жоғары деңгейде даярлап та жүр. Оқу орнының басты мақсаты – білікті, шығармашыл, өз ісіне жауапты мұғалімдерді даярлап, олардың заманауи білім беру стандарттарына сай болуын қамтамасыз ету.

Колледжде білім беру саласының әртүрлі бағыты бойынша кадрлар даярланады. «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту», «Бастауыш білім беру», «Негізгі орта білім берудегі тіл мен әдебиетті оқытудың педагогикасы мен әдістемесі», «Музыкалық білім беру», «Информатика», «Дене тәрбиесі және спорт» және «Логопедия» мамандықтары бойынша ұлт болашағының негізін қалаушыларды оқытып шығарамыз. Оқу бағдарламалары студенттердің кәсіби дамуын арттыруға, олардың білім беру жүйесінің заманауи талаптарына сай болуына негізделген. Колледж студенттерін осы заманғы оқу құралдары, инновациялық әдістер мен ақпараттық технологиялар қолжетімді. Сонымен қатар, студенттердің теориялық білімдерін практикада қолдануға мүмкіндік беретін тәжірибе алаңдары бар. Оқытушылар құрамына тәжірибелі педагогтар мен ғылым кандидаттары кіреді. Бұл студенттерге терең теориялық білім алып қана қоймай, оны практикада қолдану дағдыларын меңгеруге мүмкіндік туғызып отыр.

Сондай-ақ, колледжде білім алушыларға арналған екі Студенттер үйі бар. Негізгі мақсат – сапалы білім мен саналы тәрбие арқылы өзін-өзі басқару дағдыларын қалыптастыру, оларды қоғам өміріне кұзыреттілікпен және жауапкершілікпен карауға даярлау. Студенттер үйі  қызметінің басты міндеті – жастар саясатын іске асыру барысында студенттеріміздің күнделікті өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау,  әлеуметтендіру сапасын жетілдіру, қажетті психологиялық көмек көрсету, спортпен салауатты өмір салтын қалыптастыру. Ондағы  қыздар мен ұлдарға арналған фитнес залдары заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған. Сонымен қатар, әр қабатта ас бөлмелері бар. Студенттер үйінің артқы қапталында жаттығу жасауға арналған Street Workout алаңы орналасқан. Бір сөзбен айтқанда, студенттердің сапалы білім алып қана қоймай, салауатты өмір салтын ұстанулары мен уақыттарын тиімді өткізулері үшін барлық жағдай жасалған.

Колледж студенттері тек білім алып қана қоймай, түрлі мәдени, спорттық іс-шараларға белсене қатысып, әр деңгейде жүлделі орындардан да көрініп жүр.

Сонымен қатар, білім алушылар педагогикалық тәжірибеден өтіп, алған білімдерін мектептерде нақты іс жүзінде сынай алады. Бұл болашақ мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға үлкен игі әсерін тигізеді. Бүгінде колледж түлектері Қазақстанның білім беру саласында үлкен сұранысқа ие, олар елдің әр өңірінде мұғалім, тәрбиеші және білім беру саласының басқа да мамандары ретінде табысты қызмет атқарып, елдегі білім беру саласының дамуына елеулі үлес қосуда.

Колледж өзінің көпжылдық тарихымен және беделімен еліміздің білім беру жүйесіндегі көшбасшы оқу орындарының қатарында. Бізде білім алу тек кәсіби дамуды ғана емес, сондай-ақ, қазақ мәдениеті мен дәстүрлерін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Білім ордасы өз түлектерінің жетістіктерін мақтан тұтады және олардың кәсіби дамуына әрдайым қолдау көрсетуге дайын. Колледж болашақта да жаңа жетістіктерге жетуді өз алдына үлкен мақсат етіп қойып, білім беру саласындағы көшбасшылық орнын нығайта бермек.

Жәнібек БЕРДІМҰРАТ,
Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар