Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Болашақ ұрпақ және құндылықтар: Қоғамның тұрақты даму кепілі - АРҚА АЖАРЫ

Болашақ ұрпақ және құндылықтар: Қоғамның тұрақты даму кепілі

Қазіргі заманғы технологиялық прогресс кезінде болашағымызды қамтамасыз ететін басты себептердің бірі – құндылықтар деп білемін.  Құндылықтар – біздің күнделікті өміріміздегі бағдаршам сияқты.  Олар бізге  қандай бағытта даму қажет екенін көрсетеді. Әр адам өзіне берілген құндылықтарды сақтап қана қоймай, оларды жетілдіріп, болашақ балаларына жеткізуі тиіс.

Ата-бабамыздың ғасырлар бойы жинаған тәжірибесі мен даналығын жоғалтпай, оны жаңа заманда да қолдану маңызды. Қазіргі жастар, біздер, тек технологиялар мен білімнің арқасында ғана емес, рухани байлықтың да арқасында жетістікке жетуіміз керек. Білім – қуат көзі болса, құндылықтар – сол білімнің дұрыс бағытта қолданылуына жол береді. Сондықтан ата-аналар мен мұғалімдер біздің бойымызға жақсылық, әділдік, ар-намыс сияқты негізгі адами қасиеттерді дарытады.

Болашақ ұрпақтың рухани-мәдени дамуы, тілге, дінге, дәстүрге деген құрметі сақталса, кез келген заман сынағынан өтіп, елдің дамуына үлес қосады. Құндылықтар жүйесі бұзылғанда ғана қоршаған ортамызда рухани дағдарыс пайда болуы мүмкін. Сондықтан болашақ ұрпаққа тек білім мен технологияларды ғана емес, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды да мұра етіп қалдыру – бүгінгі күннің басты міндеті.

Болашақ – әрқашан да жұмбақ әрі үмітке толы тақырып. Біз оны елестеткен сайын көз алдымызда жаңа дәуір, жаңа мүмкіндіктер пайда болады. Ал сол болашақтың басты иелері – біз. Олардың қандай болатыны бізге, біздің бүгінгі іс-әрекетімізге, оларға қалдыратын құндылықтарымызға тікелей байланысты. Құндылықтар – ұлттың, тіпті жеке адамның ең басты байлығы. Оларды сақтау және балаларымызға жеткізу – біз үшін үлкен жауапкершілік. Біз дәстүрді, мәдениетті, тарихты, тілді қастерлеп, санамызға сіңіруіміз арқылы ұлтымыздың болашағын сақтаймыз. Әрбір ата-ана өз баласына өнеге көрсетіп, тәрбиелеуі арқылы тек бір отбасының емес, бүкіл қоғамның болашағын қалыптастырады деп ойлаймын.

Бүгінгі қоғамда технологиялар қарыштап дамып, өмір сүру салттары өзгеруде. Бірақ осы заманға сай өзгерістердің ортасында да рухани құндылықтар сақталуы қажет. Жақсылық, адалдық, ізгілік, әділдік сияқты мәңгілік құндылықтар уақыттан тәуелсіз, олар адамгершіліктің негізі. Қазіргі ұрпақ осы құндылықтарды түсініп, бағалай алса, болашақ жарқын болары сөзсіз. Біз болашақта тек материалдық емес, рухани байлық қалдыруды ойлауымыз керек. Туған жерге деген сүйіспеншілік, ата-баба мұраларына құрметтеп, елдің болашағына сенім білдіруіміз керек. Бұл құндылықтар ұрпақтан ұрпаққа өтетін асыл мұра.

 Поэзиялық шығарма: Болашақ ұрпаққа

Болашақ бізге аманат,
Атадан қалған қазына.
Тіл, дәстүр, рухты сақтасақ,
Ұлт болар мәңгі барыңа.

Өткеннің елесін ұмытпа,
Тарихтың сырлары терең ой.
Құндылық мәңгілік жалғасын,
Біздерге артар осы той.

Атадан қалған мұраны,
Сыйлаймыз біз жүрекпен.
Біздерге үміт, сенімді,
Ақтаймыз шындық, арменен.

Береміз серт сіздерге,
Адалдық, ар-намыс, әділдік.
Тек осы қасиеттермен,
Жетерміз тау шыңына.

Біздерге мұра – бар асыл,
Құндылық – халқымыз тірегі.
Болашақ жолымыз жарқын боп,
Болады жүректе мәңгілік!

Азиза АСҚАР,
№1 мектеп-гимназиясының 6 «Г» сынып оқушысы.

Жетекшісі – Индира СӘДУАҚАСОВА,
қазақ тілі пәнінің мұғалімі.

Көкшетау қаласы.

Loading

1 Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар