Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасының «Жастар-ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі облыстық мамандырылған күзет қызметі басқармасында жастарға арнап экскурсия өткізді.
Жастар арасындағы жұмыссыздықтың артуына себеп те аз емес. Солардың қатарына ең әуелі жоғары оқу орындарында нарық талабына сай маман даярлаудың өзіндік күрмеулі тұстары бар, осындай мамандарды әзірлеу үшін қажетті инфрақұрылымдардың да бола бермеуі, жұмыс берушілердің жас мамандарды жылы қабылдамайтындығы жатады.
Бұл жолғы шараға, «Арна» Көкшетау жоғары колледжінің «Құқықтану» мамандығы бойынша тәлім алып жүрген 20-ға жуық 4 курс студенттеріжәне ұйымдастырушыларқатысты. Жиын барысында, аталмыш басқарма басшысының орынбасары, полиция подполковнигі Балдәурен Өзбеков пен кадрбөлімінің басшысы, полиция подполковнигі Руслан Бақибаев мекеменің тарихы, ішкі тәртіппен қатар мемлекеттік қызметке орналасудағы негізі артықшылықтар туралы сөз қозғап, мекеме бойынша бос жұмыс орындары туралы тоқтала кетті.
Ақмола облысы жастар-ресурстық
орталығының баспасөз қызметі.