Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Құқықтары қалпына келтірілді - АРҚА АЖАРЫ

Құқықтары қалпына келтірілді

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті «Е-лицензиялау» жүйесіндегі қашықтықтан мониторинг қорытындысы бойынша 154 көрсетілетін қызмет алушының құқықтары қалпына келтірді.

Осылайша, «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу» қағидаларына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту жер комиссиясының қорытындысы негізінде қабылданады.

Алайда, Целиноград ауданының жергілікті атқарушы органы 180 қызмет алушының өтінімдерін кворум болмауына байланысты жер комиссиясында қарамай, осыдан бас тартқан.

Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 13-бабының талаптарына орай, мемлекеттік органның жер комиссиясының кворумын қамтамасыз ете алмауы қызмет алушыға ауыртпалық тудырмауы тиіс.

Осыған байланысты департамент әкімдікке жедел жер комиссиясының кворумын қамтамасыз етіп, қызмет алушылардың құқықтарын қалпына келтіру туралы нұсқау жолдады.

Нәтижесінде, қызмет алу үшін жүгінген 154 азаматтың өтініштері жер комиссиясында қарастырылып, олардың 47 жер учаскелерін ұсыну туралы өтініші оң шешімін тапты.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар