Жуырда аудан әкімі Әсен Жақсылықов «Qazaq Kaolin» компаниясының бас директоры Марат Болысбекұлымен кездесу өткізді.
Онда аудан аумағында бұрынғы болған кәсіпорынды дамыту перспективалары талқыланды. Аталған компания 2026 жылы ауданда орналасқан «Алексеевка каолин» ірі кен орны негізінде өндірісті іске қосуды жоспарлап отыр. Жоба фабриканың жыл сайынғы қуатын 90 мың тонна байытылған каолин деңгейінде көздейді. Каолиннен басқа, кәсіпорын 91,44 мың тоннаға дейін кварц құмы мен 2,16 мың тонна шликер шығаратын болады. Компанияның жобалық құжаттамасына сәйкес, Алексеев кен орнының каолинінде алюминий тотығы жоғары және темір мөлшері төмен, бұл оны бірқатар салаларда сұранысқа ие жоғары сапалы шикізат етеді. Бұл материал керамика, қағаз, пластмасса өндірісінде, сондай-ақ, химия өнеркәсібі мен құрылыста қолданылады.
Сонымен бірге, кәсіпорынның іске қосылуы жергілікті тұрғындар үшін жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді. Және де, салық түсімдерін ұлғайту және инфрақұрылымға инвестициялар тарту есебінен өңір экономикасының өсуіне ықпал ететін болады. Оған қоса, жаңа өндіріс елдің, аймақтың экспорттық әлеуетін нығайтуға көмектеседі деп күтілуде, өйткені, жоғарыдағы өнімдер тек ішкі нарықта ғана емес, шетелде де сұранысқа ие болуы тиіс.
Зеренді ауданы әкімінің баспасөз қызметі.