Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Аға бастап, жастар қостап,  жыр тасқыны тынбайды - АРҚА АЖАРЫ

Аға бастап, жастар қостап,  жыр тасқыны тынбайды

Өткен аптаның аяғында «Болашақ» сарайында осы күндері 60 жасы кеңінен аталып өтелі жатқан ақтаңгер айтыс ақыны, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Құдайберлі Мырзабектің мерейтойына арналған «Тасқын бар менде тау жарған» атты аймақтық  оқушылар айтысы болып өтті.

Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Болашақ» сарайының ұйымдастыруымен өткен оқушылар айтысына Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарымен Астана қаласынан барлығы сегіз үміткер қатысты. Жас ақындардың өнерін бағалау үшін арнайы қазылар алқасы құрылып, оның төрағалығына Көкшетау қалалық кітапханалар жүйесінің директоры, ақын Серік Жетпісқалиев, мүшелері құрамына Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің қауымдастырылған профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Сәбит Жәмбек және облыстық мәслихаттың депутаты, айтыскер ақын Әлібек Серғалиев іріктелді.

– Бүгінгі тойымызға себепкер болып отырған, алты Алашқа әйгілі айтыстың ерен жүйрігі, Көкшенің біртуар ұлы, осы елдің жоғын жоқтап, мұңын мұңдап, қызғыштай қорып жүретін арқалы азамат Құдайберлі Мырзабек. Шын мәнісінде, үлкен бір көріністің куәсі болып толқып тұрған жайымыз бар. Ұлы Отан соғысын көрген Көкен Шәкеевтей қайсар ақынның шәкірті Құдайберлі Мырзабектің бүгінгі мерейтойында міне, жап-жас ұландар қолдарына қара домбыраларын алып, айтыс өнеріне қатыспақшы болып шығып отыр. Бұл, қуанатын жағдай. Демек, Құдайберлі салған іздің жалғасы бар деген сөз, – дей келе, Серік Жетпісқалиев қатысушыларға сәттілік тіледі. Сондай-ақ, өз кезегінде Ақмола облысы білім басқармасының басшысы Айнагүл Балташева сөз сөйлеп, той иесіне деген құрметін көрсетіп, жылы лебізін жеткізді.

– Сонау 1985 жылдары сіз айтысқа қатысып, жеңіске жетіп жатқанда, мен ортамектепте оқитын оқушыедім. Сол кезде ауыл болып, әке-шешемізбен барлығымыз тілеуімізді тілеп, керемет әсер алып отыратынбыз. Содан бері қаншама уақыт өтті. Сол уақыт ішінде сіздің жырлап келген жырларыңыз елдің есінде.  Бүгінгі оқушылардың дәстүрлі  суырып салма айтысты жалғастыруы сіздің өнегелі жолыңыз, маңдай теріңіз. Бүгінгі күні Құдайберлі Рахымбекұлының мерейтойына арналған облыстың білім жүйесінде апталық басталып кетті. Сол үлкен іс-шаралардың бірі осы аймақтық оқушылар айтысы. Әрі қарайда бізде, әр білім ұйымы мен мектепте іс-шаралар жалғасын табатын болады. Қазіргі оқушылар, сіздер бақытты жансыздар. Себебі, осындай үлгілі жанды көздеріңізбен көріп, айтысқа қатысып отырсыздар. Айтыс деген керемет өнер. Оған жай адам шыға алмайды. Айтыскер атанудың өзі үлкен мақтаныш. Ол сіздердің өмірлік жолдарыңыз, – деп Айнагүл Балташева осы бір қасиетті өнерге деген құрметінің жоғары екенін айтып, оқушыларды дайындаған ақын ұстаздарға, бағалаушы қазылар алқасына, барлық көрермендерге алғысын білдірді.

Қазақ халқы ықылым заманнан сөзге шешен, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін тапқан даналығымен әйгілі. Қосынды қолға дес бермейтін ұлтымыз, бір-ақ ауыз сөзге тоқтап, бірлікке келіп отырған. Сол үшінде қазақ үшін сөздің киесі жоғары. Ал, айтыс – шешендіктің жедел көрініс табатын озық өнер. Иә, жөпелдемде сөз тауып, тапқырлығыңмен қарсыласыңды мұқалту қиынның қиыны. Суырып салып, ұйқасты сөз құраудың сыртында мақамыңды нақышына келтіруде айтыстың бір талабы. Оқушылар айтысы болса да, жас дүлдүлдер осы талапты қанағаттандырып, көрерменнің қошеметіне бөлене білді. Әрине, мінсіз деуден адамыз. «Жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ жоқ» демейме дана халқымыз. Сонымен, айтысқа қатысушы үміткерлер бірінші кезеңде 4 жұп айтыс жасады. Сахнада бірінші болып, көрші облыстан келген Сұлтан Жарқынұлы мен бұландылық Сырым Қызырбек өнерлерін көрсетіп, бал тілдерімен жырдан шашу шашты. Бұл ретте, бала Сұлтан Құдайберлі атасының қайын жұртының сәлемін жеткізіп, жұртшылықты күлкіге қарық қылды. Әрмен қарай, тағы солтүстік көршімізден келген үміткерлердің ең жасы 12 жастағы Бейбарыс Аманжолұлы зеренділік Қажымұқан Сәбетханмен сөз сайыстырды. Осы сәтте «Болмасаңда ұқсап бақ» деген ұлы Абайдың дана сөзі есіме түсті. Екеуіде заманының заңғарлары, бірі патша, бірі алып күш иесінің есімін алған қазақтың қара домалақтары атадан қалған асыл мұраны жалғастырып, киелі қара домбыраны қолдарына ұстап, өлең айтып отыр. Керемет емес пе?!

Сонымен бірге, келесі кезекте қазақ айтысының әсерлі, әрі қызықты бөлігі болып есептелетін қыз бен жігіт айтысын жасаған Ерейментау елінен келген Сәттібек Серікболатұлы мен арайлы Астананың аруы Айғаным Мақсұтқанованың айтысы, көрерменнің қошеметін одан әрі үдетті. Залда отырған аға буын ақындар алғаш қызбен немесе жігітпен айтысқа түскен жастық шағын, келмес кезеңін естеріне алғаны өздеріне ғана мәлім еді. Құр сөзбен көңіл аударғанша, қыз-жігіт айтысының үзінділерін ұсынайын:

Тәп-тәтті дәл қасыма ару кепті,
Әжемнің нанға жаққан қаймағындай, – деп Сәттібек, сұлудың сымбатына сүйсіне келе, өз ойын батылдықпен жеткізіп:

Көкшелік Сәттібекпен айтысатын,
Астаналық Айғаным келіп қалды-ай,
Серікболатұлына тудыңба екен,
Кім білсін болашақта серік болғай.

«Болашақ» сарайында ағайындар,
Болашақ махаббатым жолыққандай, – деп қайырды.
Оған жауап ретінде Айғаным былай деді:
Ақын боп келгеннен соң бұл айтысқа,

Серігің боп мұндайда тұра алмаймын.
Сәттілікті серігім қылғанменен,
Сәттібекті серігім қыла алмаймын, – депкелесі шумақтарда:

Арнай кет сөздеріңді, тұрақты етте,
Алайда, арзан сөзбен шылап кетпе.
Орыныңда шалқалақтап әзер дегенде,

Сәттібек отырсың-ау, шыдап текке.
Мына маған есіңауып отырғанда,
Кезіндегі Құдайберлі ағамдай құлап кетпе, – деген әзіліменшымшып, сөзін аяқтады.

Көрермен қатарында отырған Құдаш ақында, өзге де осы оқиғадан хабары бар жандар өткен кезді естеріне алып, бір күліп алды. Айтыстың бірінші кезеңін Елордадан келген екінші үміткер Абылай Қайратұлы мен Бұланды ауданының жас дүлдүлі Нұрғиса Елешұлы аяқтады. Қазылар алқасының шешімімен екінші кезеңге өткен үміткерлерден үздік екі ақын тағы бір жұп айтыс жасап, өз өнерлерін көрсетті. Финалға оза шауып шыққан Сәттібек пен Абылай жаста болса, бір-біріне деген құрметтерін, әзілі жарасар тұстастығын көрсетумен қатар, қалжыңды қалқан етіп, талай ақынның жырына арқау болған Кенесары ханның басының елге оралғанын армандайтынын жыр-шумақтарына қосып, жиналғандардың ыстық ықыласына бөленді. «Қына тасқа, өнер жасқа бітеді» дейтін ұлық еліміз, баласының бойынан талант байқаса, батасын беріп, жолына ақ жол тілеген. Кетбұға, Асан қайғылардан бастау алған шешендік өнердің кешегі серілер дәуірімен жалғасып, бүгінгі дәстүрлі айтыс өнерімен жеткізілуінде сан ғасырлық сабақтастық жатыр. Сол киелі өнерді пір тұтып, ұрпаққа жеткізушінің бірі, той иесі Құдайберлі Мырзабек десек, ендігі кезекте бойына сіңіріп, жалғастыратын осы айтыста сөз сайыстырған жас ұландар деуге толық негіз бар. Бұлда ғасырлық сабақтастықтың жалғасы.

Сөз соңында аймақтық оқушылар айтысының қорытындысы бойынша жүлделі орын иеленген үміткерлерді атап кетейін. Әділ қазылар шешімімен ерейментаулық Сәттібек Серікболатұлы бас жүлдені, 100 мың теңгелік сертификатымен жеңіп алса, елордалық екі ақын Абылай Қайратұлы бірінші орынды 70 мың теңге, Айғаным Мақсұтқанова екінші орынды 50 мың теңге жүлдемен иеленіп, жүлделі үшінші орынға бұландылық Нұрғиса Елешұлы жайғасты. Қалған барлық қатысушыға ақшалай сертификаттармен марапаттар табысталды. Жиынның қорытынды кезеңіндекеш иесі, ақын Құдайберлі Мырзабек сахна төріне шығып, жиналған барлық айтыс сүйер қауымға алғысын білдіріп, қазақ өнерінің осылай жалғаса, күннен-күнге абыройы арта беретініне сенімін білдірді.

Мұхамет ТІЛЕУБАЙ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар