Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бәсекелестікті қорғауда заңды бұзатындар бар - АРҚА АЖАРЫ

Бәсекелестікті қорғауда заңды бұзатындар бар

Жуырда Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Олжас Кәкенов өңірлік коммуникациялар қызметінде брифинг өткізіп, журналистерге ақпарат берді.

– Бүгін мен департаменттің ағымдағы жылдың 9 айындағы жұмысының қорытындысын ұсынғым келеді, – деп бастады басшы сөзін. –Біздің қызметіміз өңірдің тауар нарықтарындағы бәсекелестікті қамтамасыз етуге, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауға және бизнес үшін кедергілерді жоюға бағытталған. Біз бірнеше маңызды бағыттар бойынша белсенді жұмыс істедік. Мысалы, департамент бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманың бұзылуына қатысты 3 тергеп-тексеруді аяқтады. Атап айтқанда, «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы Ақмола филиалының іс-әрекеттерінде кірме жолдарда вагондарды беру және жинау бойынша белгілі бір қызмет көрсетушілерге артықшылықтар беруге байланысты бәсекелестікке қарсы іс-қимыл фактілері анықталды.Тергеп-тексеру нәтижелері бойынша Қазақстан темір жолы филиалының лауазымды тұлғасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.Сондай-ақ, қызмет көрсетушілердің атауларын қызмет көрсету тәртібі мен қозғалысты ұйымдастыру туралы нұсқаулықтардан алып тастауды талап ететін ұйғарым шығарылды. Нәтижесінде «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының орталық аппараты монополияға қарсы заңнаманың талаптарына сәйкес нұсқаулықтарды өткізу туралы басқа өңірлердің облыстық филиалдарына тапсырмалар жолдады.

Сондай-ақ, департамент басшысы «Ақмола облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесінің жол берген заң бұзушылықтарына жеке тоқталды. Аталған мекеменің ішкі нарыққа жеткізу жоспары шеңберінде сұйытылған мұнай газының көлемін нарық субъектілері арасында біркелкі бөлінбеген бағамен бәсекелестікке қарсы іс-қимылдарға жол бергені анықталған. Осы сияқты «Степногорск темір жолы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қатысты 2022 жылы вагондарды коммерциялық тексеру қызметтеріне монополиялық жоғары бағаны белгілеу фактісі анықталып, сот шешімі бойынша бұл ұйым айыппұл салумен және монополиялық кірісті тәркілеумен әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

–Біздің жұмысымыздың шеңберінде департамент мемлекеттік кәсіпорындардың қызметіне мониторинг жүргізді. Оның барысында автомобиль жолдарын күтіп ұстау, көлік қызметтері, ғимараттар мен құрылыстарды жөндеу, темірбетон бұйымдарын дайындау және электр энергиясын сату сияқты бәсекелестік ортаға жататын қызмет түрлерін жүзеге асыру фактілері анықталды.Нәтижесінде квазимемлекеттік сектор ұйымдары үшін көзделмеген қызмет түрлерін жүзеге асыруды тоқтату талабымен 25 нұсқама шығарылды, – деді Олжас Кәкенов.

Сонымен бірге, департамент жанында жұмыс істейтін бизнес үшін кедергілерді анықтау және жою жөніндегі өңірлік кеңестің жұмысын ерекше атап өткен жөн. Кеңес өткен айларда 19 отырыс өткізіп, онда қаржылық және салықтық қызметтерге, мемлекеттік сатып алуларға және басқа да салаларға қатысты мәселелер талқыланған. Маңызды шешімдердің бірі нан өндірушілер үшін электрмен жабдықтауға жеңілдетілген тариф алуға жәрдемдесу болды. Және дежергілікті атқарушы органдардың атына шағын және орта бизнес субъектілеріне көше саудасы мен фудкорттарға орын беру кезінде ашықтықты қамтамасыз ету бойынша ұсынымдар жолданды.

Жолданған ұсынымның оңды шешім екенін бізде айтып өтейік. Себебі, мемлекет қолдап отырған шағын және орта бизнес саласында кәсіп ашып, үлес қосамын деген жандарға сату орнын табу, тапқан күннің өзінде тыныш жұмыс жасауға көптеген кедергілер бар. Кейбір кәсіпкерлер шектен тыс салық, орынды қымбат бағамен жалға алу, коммуналдық төлемдерден жалығып, бизнесін тоқтатып жатады. Ұсыным жолданған жергілікті атқарушы органдар осы мәселеге ден қойып, кәсіпкерлердің бизнес жасауына жағдай туғызса, жөн болатын еді. Әсіресе, алғаш бастаушылардың кәсібін дамыту мүмкіндігі болса, бұлда экономикалық дамудың бір тетігі болмақ.

Бүгінде бейінді департамент азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерімен белсенді жұмыс істеп, есепті кезеңде 84 өтінішті қараған.

–Олардың әрқайсысы егжей-тегжейлі зерделеу нысанасына айналды. Қарау қорытындысы бойынша нарыққа қатысушылардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру және барлық субъектілер үшін тең жағдайларды қамтамасыз ету үшін шаралар қабылданды, – деп түйіндеді өз сөзін Олжас Кәкенов.

Сөз соңында экономикалық нарықтың барлық қатысушылары үшін тең жағдайларды қамтамасыз ету, бәсекелестікті қорғау және кәсіпкерлер үшін қолайлы орта құру маңызды міндет екенін айта кетейік.

Мұхамет ТІЛЕУБАЙ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар