Гектар түсімі 30 центнерден айналуда

Ауданда ағымдағы жылы дәнді дақылдар алқабы 291,6 мың гектарды құрады. Соңғы сегіз айда 46 жаңа техника сатып алынуы, шаруашылықтардың орақ науқанында техникалық жабдықталуын жақсартқан.

Бұл ретте, «Диқан плюс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, ауа райының қолайлы сәтінпайдалана отырып, егін жинау жұмыстарын белсендіжүргізуде. Алқаптарда 15 комбайн жұмыс істеуде. Орақта 200-ге жуық адам қамтылған. Күніне 1000 тоннадан астам астық жиналады. Серіктестік биыл 24 мың гектарға егін сепкен. Оның 12 мыңы бидай, 6 мың гектардан астамы майлы дақылдар, қалған бөлігі өзге дақылдарға тиесілі.

Жалпы алғанда, өнім жақсы. Қазіргі уақытта 3750 тонна жұмсақ бидай алынды. Қатты бидайды жинау 3094 гектар алаңда аяқталып, 10028 тонна астық бастырылған. Ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы шығымы 30 центнерге барып отыр.

Зеренді ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар