Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Кәсіпкер заңсыз тексеруден қорғалды - АРҚА АЖАРЫ

Кәсіпкер заңсыз тексеруден қорғалды

Өңірлік кәсіпкерлік палатасына (ӨКП) бизнес субъектілерінің мемлекеттік органдардың шамадан тыс бақылау қызметіне қатысты шағымдары әлі де тіркелуде.

Жуырда ӨКП сарапшыларының көмегі арқылы бақылаушы органдар тарапынан кәсіпкерлерге қатысты заңсыз және негізсіз тағайындалған тексерулер жүргізуге қатысты мәселе шешімін тапты.

Мысалы, биыл Көкшетау қаласының тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің мамандары «Sun Day» дүкеніне барған. Сауда объектісінің иесі Сәдбек Ахмадиевтің айтуынша, шенеуніктер дүкенде сөрелерді қарап, тексеру жүргізген, сондай-ақ, кей мәселе бойынша түсінік талап еткен және кейбір құжаттарды алып қойған. Осылайша іс жүзінде жоспардан тыс тексеру жүргізген.

Ақмола облысы кәсіпкерлер палатасының сарапшылары осы мәселе бойынша ҚР БП Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің облыстық департаментіне сауал жолдады. Ведомствоның жауабына сәйкес, «Sun Day» дүкеніне қатысты тексеру тағайындау туралы акт тексеру субъектілері мен объектілерінің бірыңғай тізілімінде тіркелмеген. Бұл дегеніміз, бизнес субъектісіне бару және мемлекеттік органнан сұрату мәліметтер заңсыз жасалған. Тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй бөлімі басшысына қатысты аталған заң бұзушылықтарын жол берген инспекцияға құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің департаменті әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау жөнінде қаулы шығарды. Сөйтіп, шенеунікке айыппұл салынды.

Сонымен қатар, жыл басынан бері департамент тексеру тағайындау туралы 26 актіні тіркеуден бас тартты, оның 17-сі кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты.

–Өкінішке қарай, кәсібін адал жүргізіп отырған бизнес субъектілері әлі күнге дейін мемлекеттік органдар тарапынан негізсіз тексерулерге ұшырауда. Осыған байланысты бақылауды күшейту және мұндай фактілерге жол бермеу қажет деп санаймыз. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің департаментіне тұрақты және тиімді ынтымақтастық үшін алғыс айтқым келеді. Заңсыз тексерулерге қатысты мәселелер Бірыңғай есеп беру күні барысында да айтылды.  Бұл шара кәсіпкерліктің түйткілді мәселелерін шешудің нәтижелі және алдын алу тетігіне айналды, – дейді ӨКП директорының орынбасары Расул Сыздықов.

Кәсіпкерлер өз кезегінде бақылаушы органдардан тексеру нәтижелері туралы актілер мен нұсқамалар беруді талап етуге құқылы.

Өңірлік кәсіпкерлік палатасының баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар