Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қоғамдық қабылдау шалғай елді мекен тұрғындарының өтінішін тыңдады - АРҚА АЖАРЫ

Қоғамдық қабылдау шалғай елді мекен тұрғындарының өтінішін тыңдады

Сандықтау ауданында “AMANAT” партиясының республикалық мобильді қоғамдық қабылдау бөлмесінің өңірлерге, оның ішінде шалғай ауылдарға шығуы шеңберінде азаматтарды қабылдау өтті.

Партиялықтар Ақмола облысы Сандықтау ауданының ауылдарына барды. Олар Каменка және Балқашино ауылдық округтері тұрғындарының шағымдарын тыңдады.
Қабылдауға “AMANAT” партиясы Азаматтарды мобильді қабылдауға партияның облыстық филиалы төрағасының орынбасары Ақманат Әлімбетова, Ақмола облыстық және аудандық мәслихат депутаттары, сондай-ақ облыстық, жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері қатысты.

Қабылдау барысында екі округтен 20-ға жуық адам өтініш білдірді. Мысалы, Каменка ауылының тұрғындары ауылда агротехникалық колледж студенттері үшін жаңа жатақхана салу қажеттілігі туралы өтініш білдірді. Сондай-ақ, биылғы жылы су тасқынынан зардап шеккен аудандық маңызы бар жолдағы көпірді жөндеу мәселесі көтерілд.

Әрі қарай мобильді топ өкілдері Балкашино ауылының тұрғындарын қабылдады. Ауыл азаматтары партияға облыстық маңызы бар “Новый Городок – Веселое” автожолын жөндеуге қатысты өз тілектерін білдірді, сондай-ақ “жедел жәрдем”автокөлік паркін жаңарту қажеттілігі мәселесі көтерілді.
Азаматтардың барлық өтініштері бақылауға алынды және одан әрі шешу үшін тиісті мемлекеттік органдарға жіберіледі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар