Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Еңбек адамдарының жағдайына ат салысып келеді - АРҚА АЖАРЫ

Еңбек адамдарының жағдайына ат салысып келеді

Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Кәсіподақтар – еңбек адамының құқықтары мен мүдделерін қорғау» тақырыбында Ақмола облыстық кәсіподақтар орталығының төрағасы Қали Рахметовтың брифингі өтіп, БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап берді.

Кәсіподақ – еңбек адамдарының құқықтары мен мүмкіндіктерін қорғау, оның лайықты тұрмыс сапасы мен жұмыс жағдайын қамтамасыз ету жолында мәртебелі миссия атқаратын аса маңызды қоғамдық институттың бірі.

Облыстық кәсіподақтар бірлестігіне аймақтағы экономиканың әр саласын қамтитын салалық және жергілікті 11 кәсіподақ ұйымы қарайды. Олар осы ұйымдардың жұмысын үйлестіріп, еңбек адамдарының жағдайына ат салысып отыр. Бірлестікте 1300-ге жуық бастауыш және 10 ірі кәсіподақ ұйымы бар. 75 мыңға жуық еңбек адамы мүше кәсіподақтар федерациясы мен оның өңірлік ұйымдарының алдындағы басты міндет – 2030 жылға дейін «Қазақстан Республикасында қауіпсіз еңбек тұжырымдамасын» іске асыру, жұмысшылардың еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғау.

–Өкінішке орай, биыл облыста өндірістік 38 жазатайым оқиға тіркеліп, салдарынан 40 адам зардап шеккен, оның 9-ы өліммен аяқталған. Жазатайым оқиғаның ең көбі ауыл шаруашылығы және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласында тіркелген. Кәсіподақ ұйымы бар өндірістерде жазатайым оқиғалардың мән-жайын тергеу және зардап шеккен жұмысшы мен оның отбасына көмек көрсетіледі. Тәжірибе көрсеткеніндей, кәсіподақтар жұмыс істейтін кәсіпорындарда жұмысшылардың мүдделері мен құқықтары сақталады, – деді өз сөзінде Қали Рахметов.

Сондай-ақ, кәсіподақтар федерациясы 2025 жылды Гендерлік теңдік жылы деп жариялауды ұсынып отыр. Бұл еңбек саласындағы әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтудің бір мүмкіндігі болуы тиіс.

Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің 112-ші сессиясының аясында 2024 жылы «Қауіпсіз еңбек», «Әлеуметтік диалог», «Ең төменгі жалақы», «Әлеуметтік қамсыздандыру және қорғау», «Еңбек саласындағы зорлық-зомбылық пен қудалауды жою» бойынша бірлескен іс-қимылдардың Жол картасына қол қойылды. Сондай-ақ,ұжымдық еңбек дауларын шешу туралы заңнаманы жетілдіру, Конвенцияға сәйкес кәсіподақтар туралы заңнаманы үйлестіруге қатысты бірқатар шаралар жоспарланып отыр.

Салтанат БӘКІРОВА,
«Арқа ажарының өз тілшісі».

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар