Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Зеренді жартылай марафоны танымал бола бастады - АРҚА АЖАРЫ

Зеренді жартылай марафоны танымал бола бастады

Зеренді дәстүрлі «Zerenda Half Marathon» өтті. Марафонның негізгі мақсаты – бұқаралық спортты, ішкі туризмді, салауатты өмір салтын насихаттау. Бұл жарыс бүкіл әлемнен кәсіпқойларды да, әуесқойларды да тартатын нағыз спорт мерекесіне айналды. Табиғат сұлулығымен қоршалған көлдің айналасындағы жүгіру алаңы барлық қатысушылар үшін жарыс тәжірибесін арттыра отырып, ерекше жағдай жасады.

Шара Ақмола облысы әкімдігі мен Зеренді ауданы әкімдігінің қолдауымен өткізілді, ал, бас серіктес RG Gold компаниясы. Жартылай марафон екі негізгі қашықтықты қамтиды: 21,1 және 10 шақырым. Дүниежүзілік жеңіл атлетикадан ресми сертификатталған курс осы жарыстың нәтижелерін халықаралық деңгейде тануға мүмкіндік береді. Сондай-ақ шара аясында скандинавиялық серуендеу жарыстары мен 1 шақырым және 500 метр қашықтықта балалар жарысы өтті.

–Біздің ауданда марафон осымен үшінші жыл өткізіліп жатыр. Өткен жылы 700-ге жуық қатысушы болса, биыл көрсеткіш екі есеге өскен. Басты мақсат қазақстандықтарға, шет елдіктерге, жалпы барлық келушілерге туристік жерлерді көрсету және біз көздегенімізге жеттік деп ойлаймын, – деді өз сөзінде аудан әкімі Әсен Жақсылықов.

Зеренді жартылай марафоны ақпан айында Бурабай көліндегі мұз жарысынан басталып, жазда Бурабай ұлттық саябағындағы Aqbura Bay Trail-4 жолында жалғасқан Солтүстік жарыстар сериясының үшінші және соңғы кезеңі болып табылады. Осы үш жарысты еңсерген әрбір адам 2024 жылы «Солтүстік патшасы» атағын алады.

Жарысқа әр елден мыңнан астам адам қатысты. Жартылай марафон 21,1 шақырым – 349 қатысушы, 10 шақырым – 544 қатысушы, солтүстік жаяу жүру – 33 қатысушы, балалар жарысы 1 шақырым – 52 қатысушы, 500 метр – 34 қатысушыны қамтыды.

Қатысушылар географиясына назар аударсақ  Қазақстаннан 1022 адам, Ресейден 36 адам, АҚШ-тан 3 адам, Өзбекстаннан 2 адам, Жаңа Зеландиядан 1 адам және Украинадан 1 спортшы жиналды.

Зеренді жартылай марафоны спорт пен табиғатты үйлестіреді, мұнда әрбір жүгіруші тек жарысты ғана емес, солтүстік Қазақстанның күзгі сұлулығын да тамашалай алды. Марафон қорыты ндысы бойынша жеңіс тұғырынан көрінгендер аудан әкімінің атынан Алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Салтанат БӘКІРОВА,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар