Қоғам болып алаңдайтын жағдай

Бүгінгі таңда кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алудың тиімділігін арттыру және жасөспірімдер қылмысының өсуіне жол бермеу мақсатында бірлескенкешенді жұмыс қажет болып отыр.  

Өңірлік коммуникациялар қызметінде Ақмола облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Ботакөз Дүйсенова құқық бұзушылықтың алдын алу және білім беру жүйесінде тәрбие жұмысын ұйымдастыру туралы брифинг өткізді.

–Облыстың барлық білім беру ұйымдарында екінші жыл «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы іске асырылуда. Онда әр айда 6 бағыт бойынша сабақтардың тақырыптары бар. Тарқатып айтсам, олартәуелсіздік және патриотизм, бірлік пен ынтымақ, әділдік және жауапкершілік, заң және тәртіп, еңбекқорлық және кәсіби біліктілік, жасампаздық және жаңашылдық қатарлы бағыттар. Әр сынып сағатында апта сайын балаларға арналған «Қауіпсіздік сағаттары» қарастырылған, онда жолдарда, қоғамдық орындарда, өрт кезінде, су айдындарында қауіпсіздік мәселелері талқыланады. Оқушының, студенттің құқық бұзушылықтарының әрбір фактісі білім беру ұйымының алдын алу кеңесінде қаралады. Облыс бойынша есепте тұрған 360 балаға сынып жетекшілері бекітіліп, педагогтар, полиция, қоғам қайраткерлері қатарынан мінез-құлық және оқыту мәселелерін шешуде тәлімгерлік ұйымдастырылады.Өкінішке орай, қабылданған шараларға қарамастан, кәмелетке толмағандар жасаған қылмыс фактілері де кездеседі. Ол бойынша жергілікті полиция қызметкерлерімен бірлесе жұмыс жүргізіледі. Кәмелетке толмағандар жасаған 41 қылмыстың 22-сі сот-медициналық сараптамалардың ұзақ жүргізілуіне байланысты 2023 жылы басталып, 2024 жылдың басында қаралды. Сонымен қатар, жоғарыда аталған 41 істің 24-і кәмелетке толмағандар жасаған эпизодтық қылмыс. Іс жүзінде ағымдағы жылы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 19 қылмыс тіркелді. Бұл ретте, балаларға қатысты қылмыстардың 34 пайызға, оның ішінде олардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстың 19 пайызға дейін өсуі ерекше алаңдаушылық туғызады.Зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балалармен жұмыс істеу, облыста балалардың аутодеструктивті мінез-құлқының алдын алу үшін 2024 жылғы тамызда балалар мен олардың ата-аналарына жеке көмек көрсетілетін психологиялық қолдау орталығы ашылды, – деді Ботакөз Дүйсенова.

Сондай-ақ, әр мектепте мектеп психологы, әлеуметтік педагог және сынып жетекшілерінің қатысуымен психологиялық қызметтер құрылған. Қала, аудандардың білім бөлімдерінің қорғаншылық және қамқоршылық органдары полиция органдарымен бірлесіп,мектептер мен полицияның профилактикалық есебіндегі 972 кәмелетке толмаған бала тұратын 715 отбасын тексеру бойынша рейдтер жүргізген. Жұмыс барысында кәмелетке толмағандардың тұрғын үй-тұрмыстық жағдайлары тексеріліп, ата-аналардың құқықтары мен міндеттері түсіндіріліп, олардың балалардың физикалық және психикалық денсаулығына, олардың адамгершілік дамуына зиян келтіруге құқығы жоқ екенін ұғындырған.

–Білім беру ұйымдарында балалардың құқықтары мен мүдделерін сақтау мәселелері бойынша жедел жүгіну үшін QR-коды бар «Bala Qorgau» телеграмм-чаты, «111 байланыс орталығы»  туралы ақпарат орналастырылған.Аудандар мен қалалардың білім бөлімдері жанынан 20 сенім телефоны, балалар мен ата-аналарға арналған «Көмек аумағы» облыстық телеграмм-чатының жұмысы ұйымдастырылды, – дей келе, Ботакөз Балапайқызы осы орталықтарға түскен өткініштер туралы да айтып өтті. Ағымдағы жылдың өткен кезеңінде 173 адам өтініш білдіріп, оларға мектепке дейінгі тәрбие, жалпы орта білім, әлеуметтік, психологиялық және құқықтық көмектер көрсетілген.

Айта кетейік, биылғы оқу жылының басты бағыттарының бірі – ата-аналарды педагогикалық қолдау орталықтары мен «Даналық мектебі» клубтарының жұмысын күшейту. Қазіргі уақытта мектептерде мұндай жұмыс түрі 76 мыңға жуық ата-ананың қатысуымен жүргізіледі.  Аталған жұмыс директорлардың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларын, педагог-психологтар, әлеуметтік педагогтар және сынып жетекшілерімен бірлесіп атқарылады. Бір жыл ішінде әр мектепте 72 сабақ өткізілуі керек. «Мұндай кең профилактикалық жұмыс бірінші кезекте кәмелетке толмаған балалар арасындағы құқық бұзушылық көрсеткіштерін төмендетуге бағытталғанын атап өткім келеді» деп түйіндеді өз сөзін Ботакөз Дүйсенова.

Сонда да біз түйген ой, мектептерде кәмелетке толмағандар арасында қылмысқа бару фактілері неге көбейіп отыр? Бұл бүкіл қоғам болып алаңдайтын жағдай болса керек.

Мұхамет ТІЛЕУБАЙ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар