Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов кеше Қазақстанның халық ақыны Көкен Шәкеевтің туғанына 100 жыл толуына орай, Көкшетауда ұйымдастырылған халықаралық ақындар айтысының қонақтарын қабылдады.
Кездесуге ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерман, Парламент Мәжілісінің депутаттары Жанарбек Әшімжанов, Аманжол Әлтаев, ақындар мен жазушылар Қойлыбай Асанов, Серік Құсанбаев, Жабал Ерғалиев, Құдайберлі Мырзабек, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ермек Нұғыманов қатысты.
Қонақтарды қарсы ала отырып, өңір басшысы жазушылардың отандық мәдениет пен өнерді дамытуға қосқан елеулі үлесін атап өтті, сондай-ақ, Ақмола облысының әлеуметтік-экономикалық даму перспективалары туралы айтты.
Өз кезегінде Парламент Мәжілісінің депутаты, белгілі айтыскер ақын Аманжол Алтаев қабылдағаны үшін облыс әкіміне алғысын білдіріп, Ақмола жерінің ерекшеліктеріне және оның еңбек сіңірген қайраткерлеріне тоқталды.
Сондай-ақ, кездесу барысында айтысты ұлттық өнер түрі ретінде насихаттау мен ілгерілету және мәдениет мәселелері талқыланды.
Ақмола облысы әкімінің баспасөз қызметі.