Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жұмысты халық та бақылап отырса, тиімді болмақ - АРҚА АЖАРЫ

Жұмысты халық та бақылап отырса, тиімді болмақ

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Целиноград ауданына жұмыс сапары барысында тұрғындармен есеп беру кездесуін өткізіп, 20 кәсіпорынның өнімдері және сәндік-қолданбалы өнер шеберлері мен оқу орындарының жұмыстары қойылған көрмені аралады.

Көпшілік назарына ұсынылған көрмеде «Астана-Өнім» АҚ және табиғи сүт өнімдерінің 38 түрінұсынған «Родина» – агрофирмасы», «Capital Projects», «Моя ферма» сияқты танымал сауда маркалары бар.

Халықпен кездесуінде аймақ басшысы егін орағы науқанының сәтті аяқталғанын атап өтті. Аудан бойынша 300 мың тоннаға жуық астық жиналды, өнімділік гектарына 13 центнерден асты, оның 60 пайыздан астамы үшінші сұрыпты астық. Марат Ахметжанов атап өткеніндей, мемлекеттік қолдаудың, соның ішінде жеңілдікпен несиелендіру және форвардтық сатып алу бағдарламаларының арқасында егін егу мен жинауда жақсы нәтижелерге қол жеткізілді.

Аймақ басшысы өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін талқылау барысында атап өткеніндей, биылғы жылдың басты оқиғасы ауданға 29 елді мекенді қамтитын елордалық агломерация мәртебесінің берілуі болды.

Биыл Астана агломерациясын дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған кешенді жоспары қабылданды, оның ішінде 300 миллиардтеңгені құрайтын 118 жоба бар. Бұл қаражат 12 ауылдың жолын салуға және күрделі жөндеуге, сондай-ақ, су, электр және газ жүйелерін қайта жаңғыртуға бағытталған.

– Целиноград ауданы қарқынды дамып келе жатқан елордалық өңір. Мұнда еліміздің барлық дерлік аймақтарынан, тіпті, алыс шетелдерден де адамдар көшіп келіп қоныстанады.Агломерация аясында қаржыландыру бөлек жүзеге асырылады, бұл ретте, бұрын орын алған кемшіліктерді жою қажет, – деп атап өтті жауапты тұлғаларға қарата сөйлеген сөзінде Марат Ахметжанов. – Халық әлеуметтік-тұрмыстық мәселелердің шешілуін талап етіп отыр, ақша табуды үйрену керек, депутаттармен бірге қаржыны іскерлікпен бөлу керек. Ақша пайда болуы үшін өндірісті құру керек, ол үшін ауданда қолайлы инвестициялық ахуал жасау керек.

Қазірдің өзінде тоғыз жоба іске асырылды, оның ішінде 1500 басқа арналған тауарлы-сүт фермасы мен 1300 басқа арналған сиыр қорасының құрылысы 130 адамды жұмыспен қамтамасыз етті.

Облыстың жалпы өнеркәсіп өнімінде Целиноград ауданының үлесі 2,7 пайызды құрайды. Марат Ахметжановтың айтуынша, кәсіпкерлікті дамытудың әлеуеті толық пайдаланылмай отыр. Облыс әкімі жергілікті атқарушы органдарға шағын және орта бизнесте жұмыс істеу тәсілдерін өзгертуді, сондай-ақ, халықты мемлекеттік қолдау шаралары туралы белсенді ақпараттандыруды тапсырды. Сонымен қатар, өндірілетін өнім көлемін ұлғайтып қана қоймай, тұрғындар үшін қолжетімді халық тұтынатын тауарлар шығаратын кластер құру қажеттігін баса айтты. Өңір басшысы атап өткеніндей, облыс астанаға жақын орналасқандықтан, ірі сауда нарығы болып табылатын жақсы логистикалық әлеуетке ие.

– Нақты айтсам, адал инвесторларды таңдап, елордаға жақын жерді өз мүдделеріне пайдаланғысы келетіндерден бас тартып, жұмысты жандандырыңыздар. Неліктен жұмысқа немқұрайлылық басым? Жергілікті атқарушы органдар тәртіпті қалпына келтіруге міндетті. Кәсіпкерлер ауданға салық төлеп, әлеуметтік жауапкершілікті сезінулері керек, –  деп сынады Марат Ахметжанов.

Оған қоса, облысбасшысы аудандағы туризм кластерін дамытуға жіті көңіл бөлуді талап етті. Аймақ басшысы аудан әкіміне «елордалық туризмге» инвестицияны белсендірек тартуды, сондай-ақ, елорда тұрғындары мен қонақтары үшін «демалыс күндеріндегі турларды» жандандыруды тапсырды.

Әлеуметтік саладағы маңызды жобалардың бірі – «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы. Биыл 9 мың 200 орындық жеті жаңа мектеп ашу жоспарлануда. Төртеуі Талапкер, Қараөткел және Ақмол ауылдарында ашылса, қалған үшеуі жыл соңына дейін пайдалануға беріледі.

Целиноград ауданының жеті ауылында көше-жол желісі салынып, 20 тас жол учаскесі мен бір көпір күрделі жөндеуден өткізілуде. «Ақмол – Нұресіл – Талапкер» және «Нұресіл – Жаңаесіл» автожолдарын қайта жаңғырту жобалары әзірленуде.

Инфрақұрылымдық мәселелер бақылауда ұсталуда, алайда, ұзаққа созылған жобалар да аз емес. Марат Ахметжанов аудан әкімдігіне бюджеттік жоспарлауды жетілдіріп, бюджеттен бөлінген қаржыны тиімді пайдалануды тапсырды.

– Ақша болмаған соң бәрі тоқтайды. Жол жартылай төселген, электр жарығы жартылай берілген. Мұндай жартылай жұмыс болмау керек! Қоғамдық бақылау комиссиялары құрылып, олардың құрамына құрылыс саласын түсінетін, жұртшылық сенім артқан, салынып жатқан нысандарды бақылауға алатын адамдар кіруі керек, – деп түйіндеді сөзін Марат Ахметжанов.

Азаматтарды жеке қабылдау барысында облыс әкімі аудан тұрғындарының 100-ге жуық сауалына жауап берді. Ауыл тұрғындары электр қуатымен қамтамасыз ету, ауылдарға жол салу және Ақмешіт ауылындағы жаңа мектеп  пен  басқа да көптеген мәселелерді көтерді.

Вероника БУРДА,
Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ.

Целиноград ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар