Мәслихаттардың 30 жылдығына арналды

Бұланды ауданында Қазақстан Республикасы мәслихаттарының 30 жылдығына арналған спартакиада өтті. Аудандық мәслихаттың шақыруы бойынша оған көрші Бурабай, Астрахан және Біржан сал аудандарының депутаттары қатысты.

Аудан орталығы Макинск қаласының балалар және жасөспірімдер спорт мектебіне спартакиаданың салтанатты ашылуы барысында спортшыларды аудан әкімі Ардақ Смайылов пен аудандық мәслихаттың төрағасы Нұрбек Сексенов қарсы алып, құттықтады. Аудандар арасындағы бірлік пен өзара іс-қимылдың маңыздылығы, спорттың қоғам өміріндегі рөлі атап өтілді. Спартакиадаға қонақтар ретінде аудандық мәслихаттың ардагерлері, түрлі мемлекеттік құрылымдардың басшылары, сондай-ақ, Ақмола облыстық мәслихатының депутаты Клара Меңдібаева арнайы шақырылды.

Төрт ауданнан келген депутаттар үш спорт түрінен – волейбол, шахмат және үстел теннисінен өзара бәсекеге түсті. Волейболда Бұланды ауданының ойыншылары ең мықты болып шықты.  Екінші орынды Біржан сал ауданының, үшінші орынды Бурабай ауданының командалары иеленді.

Үстел теннисінде бірінші орынды Біржан сал ауданының ойыншылары жеңіп алса, екінші орын Астрахан ауданының, үшінші орын Бурабай ауданының ойыншыларының еншісіне бұйырды.

Шахмат турнирінде бірінші орынды Бұланды ауданының командасы жеңіп алды. Бурабай ауданының ойыншылары екінші орыннан көрінсе, жүлделі үшінші орынды Астрахан ауданының командасы иеленді. Сөйтіп, жалпыкомандалық есепте Бұланды аудандық мәслихатының өкілдері спартакиаданың чемпиондары атанды. Екінші орында – Біржан сал ауданының командасы. Ал, үшінші орынды Бурабай аудандық мәслихатының командасы иеленді. Барлық қатысушылар медальдармен, кубоктармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Ақмола облыстық мәслихатының баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар