Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жан-жақты байыпты көзқарасты қажет етеді - АРҚА АЖАРЫ

Жан-жақты байыпты көзқарасты қажет етеді

Ақмола облыстық мәслихатының әлеуметтік сұрақтар жөніндегі тұрақты комиссиясы отырысында депутаттар өңірдегі діни ахуал туралы мәселе қаралды.

Ақмола облысы дін істері басқармасының ақпараттық-түсіндіру жұмысы және діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл бөлімінің басшысы Еркін Көшкенов өз сөзінде атап өткеніндей, ведомство қалалар мен аудандар әкімдіктерімен, мүдделі мемлекеттік органдармен және қоғамдық бірлестіктермен бірлесіп, діни қатынастар саласында кешенді ақпараттық-түсіндіру, оңалту жұмыстарын жүргізуде. Облыс аумағындағы діни ахуалға тұрақты мониторинг пен талдау жүргізіледі.

Бүгінгі таңда өңірде 195 тіркелген діни бірлестік жұмыс істейді. 163 ғибадат орындарының 98-і мешіттер, 29-ы православие, 13-і католик шіркеулері, 23-і протестанттық дұға үйлері. Уағыздау қызметін 29 миссионер жүзеге асырады. Облыстың діни бірлестіктерді біріктіретін маңызды диалог алаңы «Ынтымақ» діни бірлестіктері басшыларының жиналысы болып табылады. Жиналыс отырыстары тоқсан сайын жеке бекітілген жоспар бойынша өткізіледі. Басқарма деструктивті діни ағымдардың өкілдерімен жұмысты ұйымдастыруға ерекше назар аударады. Бұл маңызды жұмыс басқарманың мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде жүргізіледі. Көпқырлы жұмыс интернет-кеңістікте жүзеге асырылуда. Осы бағыттағы негізгі қызметті «Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы» КММ жүзеге асырады.

Әрине, проблемалық мәселелер де бар. Ең бастысы – теолог мамандардың тапшылығы және оларды даярлау сапасы. Тұрақты комиссия мүшелері жас маман-теологтарды оқытуға неғұрлым байсалды қарау, жастар арасында түсіндіру жұмыстарын күшейту, деструктивті діни ағымдардың таралуының алдын алу қажет деп санайды.

Тұрақты комиссия төрағасы Саят Сыздықов атап өткеніндей, қоғам ішіндегі қарым-қатынастың ең нәзік дін саласы мемлекеттік органдар тарапынан жан-жақты көзқарас пен мұқият ойластырылған іс-қимылды талап етеді. Депутаттар айтқан барлық ұсынымдар комиссияның қорытынды қаулысында көрініс табатын болады.

Ақмола облыстық мәслихатының баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар