Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ұлтаралық келісім мен сенім – қоғам негізі - АРҚА АЖАРЫ

Ұлтаралық келісім мен сенім – қоғам негізі

Жуырда Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының «Біртұтас қоғам, келісім және сенім» қоғамдық жобасы таныстырылды. Шараға Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Сабырхан Кенжебаев модераторлық етті.

Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Луғмар Буларов пен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ЖАО секторының меңгерушісі Қайрат Баймолдинов, Е.Бөкетов атындағы Қарағанды ​​мемлекеттік университетінің аға оқытушысы Руслан Тоқатов және өзгеде Ассамблея өкілдері қатысқан отырыста этникааралық тұрақтылыққа қатысты Үкіметтің алға қойған негізгі міндеттері талқыланды.Дөңгелек үстел форматындағы жиынғаішкі саясат, білім, денсаулық сақтау, жер қатынастары басқармалары, полиция және әділет басқармалары басшылары шақырылып, мемлекеттік қызметкердің әдебі, қоғамдағы өзін-өзі ұстау мәдениеті және ұлтаралық қарым-қатынас мәселелері тыңдалды.

– Жобаның идеологиясы – ұлттық құндылықтардың бірі саналатын әділеттілік пен жауапкершілік, этномәдени орталықтарды қоғамдағы сенімділік мәдениетіне тарту.Ақмола облысында дәл осы мақсатта еркін форматта әңгімелесіп, семинарлар өткізіп жатырмыз.Заман өзгерді. Халықтың күнделікті талабы артып келеді. Қарапайым қазақстандықтар үшін жоғары көзқарас, қарым-қатынас мәдениеті, мемлекеттік қызметкерлердің ашықтығы бірінші орында тұр. Кейде әртүрлі деңгейдегі әкімдіктердің қызметкерлері екі жақты диалог жүргізе алмай, қызметтік өкілеттіктерінен алмайтындықтарын көрсетеді. Мемлекеттік қызметшілердің басты міндеті, Ар-намыс кодексін сақтау, – деді өз сөзінде Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Лугмар Буларов. Өңірімізде 47 этномәдени бірлестік тіркеуден өткен. Бүгінде олар қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту мақсатында ауқымды жұмыстар жүргізуде.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ЖАО секторының меңгерушісі Қайрат Баймолдиновтың айтуынша, өңірдегі этносаралық тұрақтылық мәселелері мемлекеттің алға қойған маңызды міндеттері болып саналады.

–Атқарушы орган өкілдері мен халыққа қызмет көрсететін мемлекеттік органдардың мамандары, білім және денсаулық сақтау саласының қызметкерлері үнемі халықпен тығыз байланыста болуы керек. Халыққа қызмет көрсету орталығына немесе медициналық көмекке келген адам дөрекі қарым-қатынасқа, жөнсіз қызмет көрсетуге, қағазбастылыққа тап болса, оны өзінің отбасына, жақындарына, әріптестеріне айтып, қоғамды шиеленістіреді. Еліміздің барлық азаматтарының құқықтары тең екені белгілі, – деді ол.

Ал, өз кезегінде Е.Бөкетов атындағы Қарағанды ​​мемлекеттік университетінің аға оқытушысы Руслан Тоқатов қызғылықты семинар-тренинг өткізіп, адамгершіліктің әлеуметтік, құқықтық, экономикалық қатынастарды реттейтін құрал екенін атап өтті.

–Қазақстандықтар өздерінің азаматтық құқығын білу үшін заңдарды оқуы тиіс. Бүгін біз Қазақстанның ең өзекті мәселелерінің бірі келісім мен бейбітшілік тақырыбын қозғадық. Қазақстан көпұлтты мемлекет.Конфессия көп.Осының бәрінен бұрын адамгершілік қашан да биікте тұруы керек деп ойлаймыз. Заңның үстемдігі зор рөл атқаратынын ұдайы айтып келеміз.Екінші мәселе, заңды білмеу жауапкершіліктен босатпайды. Яғни, еліміздің азаматтары бәрінен хабардар болуы керек, – деп тоқталды Руслан Тоқатов.

Сөз соңында аталмыш жобаны таныстыру аясында Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері Степногорск қаласы мен Шортанды ауданында да семинар-тренингтер өткізгенін айта кеткен жөн.

Мұхамет ТІЛЕУБАЙ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар