Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Әділдік қалпына келтірілді - АРҚА АЖАРЫ

Әділдік қалпына келтірілді

Жуырда Ақмола облыстық сотының азаматтық алқасы «А»-ның талап арызы бойынша азаматтық істі қарап, бұған дейінгі оның пайдасына шешілген сот үкімін сол күйінде өзгеріссіз қалдырды.

Сот анықтағанындай, «А» көп балалы ана. 2023 жылдың қыркүйегінен бастап серіктестік дүкенінде аға кассир болып жұмыс істеген. 2024 жылғы 4 наурызда «А» дүкен директорынан демалыс сұрап, жұмыс орнында сағат 15.00-ден 19.00-ге дейін болмаған. Бірақ, оның орнына әріптесі келген. Алайда, дүкен директоры «А»-ның жұмыста жоқтығы туралы хаттама жасап, түсіндірме жазбасын алып, оны жұмыстан шығару туралы бұйрық шығарған. Сот мұның бірқатар заңсыз себептерін анықтады. Айталық, «А.» жұмыс орнында болмаса, дәлелді себептер бар. Яғни, басшылықтың рұқсатымен кеткен және әріптесімен ауыстырылған. Сондықтан, жұмыстан шығару түріндегі тәртіптік жазаға негіз жоқ. Оның үстіне бұйрықта жұмыстан босатудың негізі көрсетілмеген, тек Еңбек Кодексінің 49-бабының 3-тармағына сілтеме жасалған.

Осыған байланысты сот шешімімен «А.»-ның талап арызы қанағаттандырылып, оны жұмыстан босату туралы бұйрық жарамсыз деп танылды, «А» дүкеннің аға кассирі қызметіне қайта қалпына келтіріліп, серіктестіктен бос жүрген күндері үшін 895520 теңге мөлшерінде еңбекақысы мәжбүрлі түрде өндіріліп алу шешімі алқа қаулысымен өзгеріссіз қалдырылды. Жұмысқа қайта қабылдану және жалақы төлеу туралы шешім дереу орындалуға жатады. Сот қаулысы заңды күшіне енді.

Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар