Жуырда Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасыныңжастар-ресурстық орталығы өңірлік жастар ресурстық орталықтарының психологтарына және өзге де психологтарға арнап оқыту курсын өткізді.
Аталған курс жастарға әлеуметтік және психологиялық көмек көрсету, психологтардың кәсіби құзыреттілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылып отыр. Курс барысында теориялық және практикалық дәрістер өтті. Бұл ретте, психологиялық кеңес берудің негізгі әдістері, ақпаратты қабылдау түрлері, жастар ортасындағы түрлі мінез-құлық жеке және топтық тренингтік сабақтар сияқты тақырыптар қозғалды.
Оқыту курсының тренері Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасының психикалық денсаулық орталығының психологыАйгүл Әлжанова өз сөзінде мұндай курстардың әсіресе, жастар үшін тиімді екенін атап өтті.
–Аталған оқыту курсы біздің әріптестеріміз үшін пайдалы болды деп санаймын. Өйткені, біз жастарға қатысты көп нәрсені, ақпаратты қабылдау түрлерін, жастар ортасындағы девиантты мінез-құлықты талдадық. Бұл іс-шараға сұраныс көп болғандықтан, біз бұл оқытуды жыл сайын өткізіп отырамыз, – деді өз сөзінде облыстық жастар орталығының бөлім басшысы Мақпал Жанарысова.
Шараға 35 жас психолог қатысып, оларға осы оқу курсынан өткендігі жөнінде сертификаттар табысталды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.