Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
949 қызметші біліктіліктерін арттырды - АРҚА АЖАРЫ

949 қызметші біліктіліктерін арттырды

Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру – бұл мемлекеттік қызметтің адами капиталын дамытудың шешуші буыны.

Мемлекеттік қызмет саласындағы қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік қызметшілер лауазымға тағайындалған күннен бастап 6 айдан кешіктірілмей қайта даярлауға, 3 жылда бір рет біліктілікті арттыру курстарына жіберіледі. Сондай-ақ, егер мемлекеттік қызметші жыл қорытындысы бойынша «функционалдық міндеттерін қанағаттанарлықсыз түрде атқарады» деген баға алған жағдайда біліктілікті арттырудан бағалау нәтижесі жарияланған күннен бастап 3 ай ішінде өтеді.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің ақпаратына сәйкес 2024 жылдың 9 айы ішінде949 мемлекеттік қызметші оқытылды. Атап айтқанда біліктілікті арттыру курстарынан 825 мемлекеттік қызметші, қайта даярлау курстарынан 124 мемлекеттік қызметші өтті.

Оқу процесін ұйымдастыру барысында оқытудың жаңа белсенді формалары мен әдістері қолданылатынын атап өткен жөн.

Сонымен қатар 130 мемлекеттік қызметшінің тағылымдамадан өтуі ұйымдастырылды. Мемлекеттік қызметке алғаш қабылданған 189 қызметшіге сынақ мерзімі тағайындалып, 105 адам сынақ мерзімінен сәтті өтті.Бұл бағыттағы жұмыс тұрақты негізде жалғасатын болады.

Жазира СЕЙІТМАҒАНБЕТОВА,
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша
департаментінің ресми өкілі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар