Адалдық пен әділдік – біздің жол!

Таяуда Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Ақмола облысы бойынша Қазынашылық департаментінде Мемлекеттік бюджетті атқару процесінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі іс-шараларды өткізу мақсатында «Мемлекеттік бюджетті атқару кезіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері» тақырыбында семинар болып өтті.

Екі күнге жоспарланған семинарға бюджеттік бағдарламалар әкімшілері, бюджетті атқару және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері, сондай-ақ, мемлекеттік мекемелерде қызмет атқаратын қаржы қызметтерінің басшылары мен қызметкерлері қатысты.

Семинарды Ақмола облысы бойынша Қазынашылық департаментінің басшысы А.Щербак сөз сөйлеп, ашты. Департамент басшысы өз сөзінде бюджеттік процеске қатысушылардың барлығы бюджет қаражатының жұмсалуына мониторингті мақсатсыз пайдаланудың ықтимал бұзушылықтарын болдырмау үшін күшейтудің маңыздылығын атап өтті. Бұл алдымен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтауға мүмкіндік береді.

Іс-шарада «Ақмола облысы бойынша білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері және оларды жою бойынша қабылданып жатқан шаралар» тақырыбында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ақмола облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары С.Аяғанова баяндама жасады.

Сонымен қатар, Ақмола облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасары Г.Жапарова Ақмола облысының мемлекеттік мекемелері мен квазимемлекеттік сектор объектілерінің жұмысында қаржылық және рәсімдік бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған жұмыстар туралы айтып берді. Бұдан кейін«Жергілікті бюджеттерге қазынашылық қызмет көрсету» тақырыбында Ақмола облысы бойынша Қазынашылық департаменті басшысының орынбасары Б.Жапарова баяндама оқып, орамды ойларын ортаға салды.

Семинар барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәуекелдер бойынша семинарға қатысушыларға түсініктемелер беріліп, мемлекеттік мекеме өкілдерінің ұсыныстары тыңдалды. Аталмыш ұсыныстар алдағы уақытта жоғары тұрған органдарға жіберілетін болады.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар