Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың Республика күнімен құттықтауы - АРҚА АЖАРЫ

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың Республика күнімен құттықтауы

Құрметті ақмолалықтар!

Сіздерді ұлттық мереке – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы 1990 жылы қабылданған декларация біздің еліміздің егемендігі мен тұрақтылығына, дамуына жасалған алғашқы қадам болды. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде   «Қазақстанның тарихи таңдауын айқындаған Егемендік декларациясы – елдігіміздің берік тұғыры. Онда мемлекетіміздің аумақтық тұтастығының мызғымастығы, халқымыздың жалпыұлттық бірегейлігін нығайтуға ұмтылысы және азаматтарымыздың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік берілетіндігі нақты көрініс тапқан. Осы басты қағидаттар Конституциямызда, заңдарда және Қазақстанның стратегиялық бағыт-бағдарын белгілейтін басқа да құжаттарда көрсетілген» деген болатын.

Еліміз аз ғана уақыттың ішінде тұрақты экономикалық жүйесін құрып, тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсартып, ел ішіндегі бірлікті нығайтуда. Ынтымақ пен тілеулестіктің арқасында халқымыз табысқа кенеліп отыр. Халықаралық кеңістікте де айта қаларлықтай жетістікке жетуде. Еліміздің жастары ірі интеграциялық идеялар мен бейбітшілік бағытында белсенді жұмыс істеп, өркениетке құлаш ұрудың көшбасшыларына айналуда. Біздің өңірдің тұрғындары да еліміздің басты мерекесін толайым табыспен қарсы алуда. Мемлекеттің нақты қолдауын пайдалана отырып, жігерлі жұмыс істеген диқандарымыз соңғы он жылда болмаған өнім өсіріп, астық молшылығын жасады. Ауылға арналған жайлы мектептер, медицина мекемелері тұрғызылуда. Ал, қалаларда жаңадан бой көтерген тұрғын үйлер тұтас  шағын аудандарға айналды. Көктемгі су тасқыны тәрізді табиғат сынынан сүрінбей өтіп, барлық жапа шеккен адамдарға көмек көрсетілді. Бұл бағытта орасан зор жұмыс істелді.

Құрметті жерлестер!

Бүгінде облысымыз еліміздегі астықты өңірге айналып отыр. Ауыл шаруашылығы техникасы мен жүк көліктері, алтын мен азық-түлік өндіріледі. Қол жеткізген табыс өңіріміздің әрбір тұрғынының еселі еңбегімен келіп отыр. Сол үшін Сіздерге рахмет. Алдағы уақытта еңбексүйгіштік еселеніп, туған жерге деген перзенттік махаббаттың арқасында бұдан да биік көрсеткіштерге қол жеткізетінімізге сенемін.

Жарқын әрі шаттыққа толы мереке әрбір ақмолалықтың отбасына ырыс пен бірлік әкелсін. Қазақстанда бейбітшілік пен келісім, тұрақтылық пен гүлдену болсын!

***

Құрметті Ақмола облысының тұрғындары!

 Өңірдің депутаттық корпусы атынан Сіздерді негізгі ұлттық мерекелердің бірі – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!

 1990 жылы 25 қазанда елдің егемендігі туралы декларация қабылданды. Бұл құжат тәуелсіз Қазақстанды құру ісінде негізгі болды. Бүгін біз еліміздің саяси және экономикалық салалардағы жетістіктерін, халықаралық аренадағы жетістіктерін мақтан тұтамыз.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен 2022 жылы 25 қазан күні күнтізбеге ұлттық мереке ретінде қайта енгізілген болатын.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, Республика күні – халықтың рухын көтеруге, мемлекеттілікті, бірлігіміз бен ынтымақтастығымызды нығайтуға арналған жарқын мереке.

Бүгін біздің алдымызда үлкен міндет – Әділетті Қазақстанды құру. Бұл жоғары мақсатқа барлық қазақстандықтардың белсенді қатысуымен ғана қол жеткізуге болады, өйткені мемлекеттің басты тірегі және ең үлкен байлығы – азаматтар.

Биылғы мерекені Ақмола облысы әлеуметтік-экономикалық дамудың көптеген бағыттары бойынша жақсы көрсеткіштермен, дәнді дақылдардың рекордтық өнімі – 6,6 миллион тоннадан астам көрсеткішпен қарсы алып отырғанын атап өту қуантарлық жайт. Бұл үлкен және қажырлы жұмыста біздің өңірдің әрбір тұрғынының үлесі бар.

Құрметті жерлестер! Осы айтулы мереке Сіздердің жүректеріңізді бірлік пен жасампаздыққа ұмтылыспен толтырсын. Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, шығармашылық шабыт, еңбек жетістіктерін, Отанымыздың игілігі үшін жемісті жұмыс тілеймін! Барлық бастамаларымыз нәтижелі, ал, болашағымыз жарқын болуға жазсын!

Бейбіт ЖҮСІПОВ,
Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар