Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ақмола облысы – еліміздің ең ірі астықты өңірі! - АРҚА АЖАРЫ

Ақмола облысы – еліміздің ең ірі астықты өңірі!

6,6 миллион тонна астық жиналды!

Ақмола облысы бойынша 4,7 миллион гектар дәнді және дәнді-бұршақ дақылдарын жинауды ойдағыдай  толық аяқтап шықты!

Биылғы тұқым себер және орақ науқаны басталар кезеңдегі ауа райының жауын-шашынды болғанын ескерсек, бұл ақмолалық диқандардың ірі жеңісі!

Егіс алқаптарының әр гектарының түсімі облыс бойынша  орташа есеппен 14 центнерден айналды. 6,6 ммиллион тонна астық бастырылды.

Ақмола облысында дәнді және дәнді бұршақ дақылдарын жинау науқаны аяқталып, жоғары нәтижелерге қол жеткізілді.

Бүгінгі таңда өңірде 4,7 миллион гектар егіс алқабы жиналды. Гектар берекесі орташа 14 центнерден айналып, бастырылған астықтың жалпы көлемі 6,6 миллион тоннадан асты.

Ақмола облысы бойынша Қазақстан егемендігін алғаннан бері 6,6 миллион тонна астық жинап,екінші рет қол жеткізіп отыр. Мұндай өнім 2011 жылы  болған еді.

Орақ науқанына облыс бойынша  9 мыңға жуық ауыл шаруашылығы техникасы қатысты. Өнімділігі жоғары комбайндар, жаткалар және жүк көліктері бар. Жаңа егіннің астығын  қабылдауды және сақтауды  66 лицензияланған астық қабылдау кәсіпорындары  қамтамасыз етуде.  Ауыл шаруашылығы құрылымдарының өздерінде  1,5 мыңнан астам астық қоймалары тағы да бар.

– Ақмола облысындағы астық өнімі – бұл өңірдің еліміздегі ауыл шаруашылығы өндірісінің орталығы ретіндегі мәртебесін растайтын маңызды жетістік. Диқандардың еңбегі жоғары құрмет пен алғысқа лайық, өйткені, олардың күш-жігері елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, – деп атап өтті облыс әкімі Марат Ахметжанов Шортандыдағы А.Бараев атындағы астық шаруашылығының ғылыми-өндірістік орталығында өңірдің жетекші аграршыларының қатысуымен өткен үйлестіру кеңесінде.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар