Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жаңа туынды - АРҚА АЖАРЫ

Жаңа туынды

Қазір ел ішінде кітап оқу мәдениеті төмендеп бара жатқанын білеміз. Әсіресе, кейінгі жылдары өмірімізге енген заманауи электрондық технология (интернет, ұялы телефон, түрлі әлеуметтік желілер, тағы басқалары) жас ұрпақты кітап оқу дәстүрінен айырып барады.

Осының бәрі уақыт өте келе, ұлттық руханиятқа кері әсерін тигізе ме деген қауіп те жоқ емес. Бүгінде түрлі жанрдағы кітаптар жарық көріп, баспадан шығып жатыр, бірақ, соны түсініп оқитын жастардың қатары азайып бара жатқаны рас.

Бұның бәрін сөз етіп отырғанымыз, жуырда Ерейментауда жергілікті қаламгер, ҚР Еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Ерейментау және Баянауыл аудандарының құрметті азаматы Сайлау Байбосынның «Ажалын жоғалтқан адам» атты романының тұсаукесер рәсімі болып өтті.

Аудандық кітапхана «Ерейментауым – еңселім, ертеңім менің» деген атаумен өткізген бұл мәдени шараға ел ішінің жасы үлкен қариялары, жас буын өкілдері жиналып, сондай-ақ, Астана қаласынан біраз меймандар келіп қатысты.

Аталмыш романды бастан-аяқ оқып шыққан Ерболат Шахатов, Қайыркен Жақып сынды аға буын өкілдері шығарманың тақырыбы тосын, оқиғасы қызғылықты жазылып, оқырманды жетелеп отыратынын әңгімелеп, жан-жақты талдау жасады.

Жиын барасында кітаптың авторы бұл романның жазылуына не түрткі болғанын, сюжетін қалай өрбіткенін ортаға салып, екі жақты сұхбат өрбіді.

Айтайын дегенім, біз тарихымызды енді түгендеп жатқан елміз. Осы бағытта өлке тарихына көптеген шығармаларын арнап жүрген Сайлау ініміз республикаға танымал ақын, журналист екенін білеміз. Оның «Ажалын жоғалтқан адам» романы проза жанрындағы тұңғыш үлкен шығармасы. Кезінде бұл романның біраз бөлігі «Жұлдыз» журналында жарияланып, оқырмандардан оң бағасын алғанынан хабардармыз. Енді міне, Ерейменде осы кітаптың тұсауы кесіліп, қалың оқырманға жол тартты.

Аталмыш шараның барысында сөз алған аудан әкімі Нұрлан Мұқатов автордың ел руханияты үшін жасап жүрген еңбегін атап айтып, шығармашылық табыс тілеп, дәстүр бойынша иығына шапан жапты.

Ерейментау елінің бүгінгі үлкендері, ақ жаулықты аналарымыз Майдан қажы Бақтыбайқызы, білім беру саласының ардагерлері Тиыштық Жәниқызы, Роза Сарыбасқызы, Ы.Алтынсарин медалінің иегері Жеңіс Бөдешев, кәсіпкер Сағидолла Биекенов, тағы да басқа кеш қонақтарыавторға оқырмандар атынан ақ тілектерін жолдады.

Талғатбек ЖАНАЙДАРҰЛЫ
Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері
Ерейментау ауданының Құрметті азаматы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар