Ақмола облысының орманды алқаптары 120 мың гектар жерді алып жатыр! Соңғы үш жылда 9 мың гектарға 50 миллионнан астам ағаш көшеттері отырғызылды.
Республика күні қарсаңында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың қатысуымен Көкшетау қаласының Қопа көлінің жағалауына орман шаруашылығы қызметкерлері және белсенді жастар бірлесіп 400-ге жуық көшет және 1500 екпе көшет отырғызды.
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында бұл шараның аса маңыздылығын атап көрсеткен өңір басшысы Марат Ахметжанов «Ағаш отырғызу – бұл жай ғана көгалдандыру емес, біздің ортақ болашағымызға қосқан үлесіміз. Біз келер ұрпақ үшін қолайлы жағдай жасаймыз, климатты жақсартамыз және өлкемізді көркемдей түсеміз. Бүгінгі іс-шараға ландшафт дизайнері, орман патологы сияқты тәжірибелі мамандар тартылды, олар ағаштарды дұрыс таңдауға және отырғызуға көмектесуде. Бұл егілген ағаш көшеттерінің тамыр жайып, дұрыс өсіп шығуына септігін тигізеді», – деді.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.