Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ұялы байланыссыз өмірді елестету қиын - АРҚА АЖАРЫ

Ұялы байланыссыз өмірді елестету қиын

Өңірлік коммуникациялар қызметінде Ақмола облыстық цифрландыру және мұрағаттар басқармасының 2024 жылдың өткен сегіз айындағы жұмысқорытындылары туралы брифинг болып өтті.

Брифингті басқарма басшысының міндетін атқарушы Нұрбол Өтебаев өткізіп, БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап берді. Облыс бойынша 589 елдімекен интернетке қосылған. Олардың 330-ы желіге тіркелген кең жолақты қолжетімділікке ие. Өңірдегі коммуникация сапасын арттыру үшін Жол картасы әзірленді. Жоспар жауапты министрлікпен келісіліп, алдағы үш жылда жүзеге асырылатын болады.

Облыстағы елді мекендердің 98 пайыздан астамы ұялы байланыс қызметімен қамтамасыз етілген. Ұсынылған мобильді интернеттің сапасы бірте-бірте жақсарып келеді. Мысалы, Көкшетауда 5G 56 базалық станциясын орнату жоспарлануда. Бүгінгі таңда 11 нысан бойынша жұмыстар аяқталды. Тағы 3-еуі жыл соңына дейін дайын болады. Щучье-Бурабай курортты аймағы да жоғары сапалы ұялы байланыс және мобильді интернетпен қамтамасыз етілген.

–Қазіргі таңда келісілген 4 орында, атап айтқанда, Бурабайдағы Абылай хан алаңында, «Жезказганец» балалар санаторийі, «Бурабай» мемлекеттік табиғи ұлттық паркі және Жүкей ауылының «Ақжол» туристік қонақ үйі аумағында осы құрылғылардың фундаменттері құйылды. Жұмыстар жыл аяғына дейін жалғасатын болады. Сондай-ақ, Ұлттық жобаға сәйкес республикалық жолдар бойында, яғни, Ақкөл, Жақсы және Ерейментау қалаларында 3 антенналық діңгек құрылыстары жүргізілетін болады, – деді өз сөзінде Нұрбол Өтебаев.

Білім беру ұйымдары да хал-қадірінше интернет пен қамтамасыз етілген. Starlink абоненттік терминалдарының 264 жиынтығы орнатылды. Балалардың қауіпсіздігін арттыру үшін облыс мектептерінде 1000 бейнебақылау камерасы орнатылған. Облыстың мемлекеттік мұрағаттарына келетін болсақ, 71 мыңға жуық құжат цифрлық форматқа көшірілді. 19-ғасырдың бірегей картасы қалпына келтірілуде.

«Таза Қазақстан» акциясы аясында биылғы 1 шілдеден бастап облыста арнайы портал іскеқосылды. Telegram боты арқылы ақмолалықтар абаттандыру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және экология салаларындағы мәселелерді шешуге жүзден аса өтініш берді. «SMART AQMOLA» мекемесінің базасында «iKОmek-109» бірыңғай байланыс орталығы жұмыс істейді. 1 қаңтардан бері бұл қызметке 20 мыңнан аса қоңырау түскен.

–Біздің операторларға негізгі жүктеме маусымдық кезеңге түседі. Көшелерді жарықтандыруға өтініштер көптеп түсуде. Үзілістер бар, мердігерлердің жұмысы ақсап тұр. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімімен бірлесе жұмыс істеп жатырмыз, – деді бұл ретте, «SMART AQMOLA» жетекшісі Гүлім Бегалина.

Облыста «Aqmola IT Hub» аймақтық технопаркі жұмыс істеп жатқанына тура бір жыл болды. Оның негізінде төрт жеке IT мектеп ашылды, 80-нен аса іс-шара өткізіліп, оған 2500-ден аса адам қатысқан.

Салтанат  БӘКІРОВА,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар