Заңсыз мұрагерліктің жолы кесілді

Целиноград ауданының прокуратурасы жақын туысы заңсыз түрде мұрагерліктен айырған әрекетке қабілетсіз адамның құқықтарына араша түсті.

Әрекетке қабілетсіз азаматтың анасы қайтыс болған соң мұра ашылғандығы анықталды. Алайда, оның туған әпкелерінің бірі нотариустан бірінші кезектегі мұрагер бар екендігін жасырып, оны мұрасыз қалдырып, 6 ай өткеннен соң анасының барлық мүлкіне мұрагерлік құқықтуралы куәлікті тек өзіне алған.

Аудан прокуратурасы әрекетке қабілетсіз адамның мүдделерін қорғап, сотқа мұрагерлікті қабылдау үшін мерзімді қалпына келтіру және мұрагерлік құқығы туралы куәлікті жарамсыз деп тану туралы талап қойды. Сөйтіп, әпкесінің мұрагерлік мүлікті иеліктен шығару бойынша шаралар қабылдай бастауына байланысты аталған мүліккетыйым салуы туралы өтініш берілді.

Сот прокурордың талап қою арызын толығымен қанағаттандырды, осылайша әрекетке қабілеттілігі жоқ тұлғаның мұрагерлікті қабылдау бойынша мерзімі қалпына келтірілді әріәпкесіне берілген мұрагерлік құқық туралы куәлік жарамсыз деп танылды. Соттың бұл шешімі заңды күшіне енді.

Ақмола облысының прокуратурасы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар