Рухани өмірдің жаршылары

24 қазан – Кітапханашы күні

Иә, дәл осы күні елімізде Кітапханашы күні атап өтіледі. Кәсіби мереке қарсаңында Көкшетау қалалық ақпараттық кітапханалар жүйесінде мерекелік іс-шара өтті.

Кітапханашыларды «Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ басшысы Күнім Оразбаева, «Аманат» партиясы Ақмола облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Ақманат Әлімбетова және 5510 әскери бөлімінің өкілдері құттықтап, үздік қызметкерлерге Алғыс хаттармен  гүл шоқтарын  табыс етті.

–Бүгінде қаламызда кітапхана жұмысын ұйымдастырумен 44 маман айналысады. Қазіргі ақпараттық бәсекелестік кезде кітапхана жүйесінің қызметкерлері өз істерінде цифрлық технологияларды пайдалана отырып, оқырмандарды тарту мүмкіндіктерін белсенді іздейді. Қазір біз қоғамдық білім беруде кітаптар мен оқулардың жоғары беделін сақтауға, туған өлкенің тарихына, танымал тұлғаларға деген қызығушылықты оятуға, өнерге, халық құқығына танымдық қызығушылықты арттыруға бағытталған 11 инновациялық жобаны іске асырып жатырмыз, – деді өзінің құттықтау сөзінде Көкшетау қалалық ақпараттық кітапханалар жүйесінің басшысы, белгілі қаламгер Серік Жетпісқалиев. Облыстық «Көкше» телеарнасында «Кітап-қазына» арнайы бағдарламасы ашылып, онда өңіріміздің белгілі ақын-жазушыларымен кездесулер өткізілетіні атап өтілді.

Мереке құрметіне жас кітапханашылардың қатысуымен байқау ұйымдастырылып, қатысушылар  өздерін таныстырып, ұйымдастырылған кітап көрмесі туралы айтып және сүйікті  жазушысының  өлеңін жатқа оқып берді.

Байқаудың бес қатысушысының ішінен барлық тапсырмаларды тиянақты орындап, алға шыққан Көкшетау қалалық кітапханасының қызметкері Жанель Назыбаева байқаудың бас жүлдесі – смарт теледидарды жеңіп алды. Ұйымдастырушылар тарапынанбасқа да қатысушыларэлектронды және тұрмыстық техникамен марапатталды.

Жергілікті кәсіподақ комитеті де кітапханашыларға грамоталар, сыйлықтар және  тәттілер табыс етті. Кәсіби мерекеге орай, қалалық ақпараттық кітапхана жүйесінің қызметкерлері Зәуреш Ибраева мен Жадыра Сағындықоваға «Қазақстанның құрметті кітапханашысы» төсбелгісі тапсырылды.

Іс-шара өте жоғары деңгейде өтті. Халқымыздың салт-дәстүрімен шашу шашылып, домбырада дәстүрлі әндермен күйлер орындалған мерекелік концерт те көп көңілінен шықты.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар