Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Трансұлттық қылмыстық топ қолға түсті - АРҚА АЖАРЫ

Трансұлттық қылмыстық топ қолға түсті

Ақмола облысының мамандандырылған сотының үкімімен Ерейментау қаласының шетіндегі жеке үйде есірткі зертханасын ұйымдастырған трансұлттық қылмыстық топ мүшелері әшкереленді.

Топ Астана аумағында сату үшін аса ірі көлемде синтетикалық есірткі өндірісін іске асыруды көздеген. Трансұлттық қылмыстық топтың құрамында Украина мен Молдова азаматтары болған. Оларды ұстау кезінде қылмыс орнынан 10 келі мефедрон мен 17 келіден астам прекурсорлар, сондай-ақ, синтетикалық есірткі өндіруге арналған арнайы құрал-жабдықтар табылды.

Қылмыскерлер синтетикалық есірткіні қатаң құпиялылықта жасаған. Үй онлайн режимінде деректерді ұйымдастырушыға жіберетін бейнебақылау жүйесімен жабдықталған, ал, шикізат пен дайын өнімді сақтау үшін гараж жалға алынған.

Қылмыстық іс Ерейментау ауданының прокуратурасымен сотқа жолдану барысындааталған тұлғалардың әрекеті трансұлттық ұйымдасқан топ ретінде сараланған. Сот барысында мемлекеттік айыптаушы сотталушылардың кінәсін толық дәлелдеді.

Топ жұмысын ұйымдастырушы 23 жылға, ал, сыбайластары 22 жылға мүліктері тәркілене отырып, бас бостандықтарынан айыру түріндегі жазаға кесілді. Үкім заңды күшіне енді.

Ақмола облысының прокуратурасы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар