Егемендік пен тұтастықтың айғағы

 Елімізде Республика күнін ұлттық мереке ретінде атап өту осыдан  екі жыл бұрын қайта жанданды. Өйткені, «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» республикалық заңға мемлекеттегі басты мерекелерге қатысты өзгерістер 2022 жылдың қыркүйегінде енгізілген болатын.

1990 жылы 25 қазанда республикамызда Егемендік туралы Декларация қабылданып, Қазақстанның тәуелсіздікке алғашқы қадамы жасалды. Бүгінде еліміздің егемендігі қалыпты нәрсе ретінде қабылданады. Бірақ, тәуелсіздік ата-бабаларымыздың ерен күш-жігерінің нәтижесі болғанын әрдайым есте ұстаған жөн. Олардың ұрпақтары ретінде біздің алдымызда Қазақстанның тәуелсіздігі мен егемендігін көздің қарашығындай сақтау мен нығайтудың жоғары мақсаты тұр.

Егемендікті жариялау – мемлекет тарихындағы маңызды қадам. Тарихи даму нәтижесінде әлемнің көптеген елдері республикалық басқару формасына көшті. Республика латын тілінен аударғанда «халықтың күші» дегенді білдіреді, бұл елді басқарудың осы тәсілінің демократиялық сипатын көрсетеді. Саясаттану ұғымы ретінде басқару формасы туралы айтатын болсақ, ол жоғарғы билікті қалыптастыру тәсілін білдіреді.

Республикаларда мұндай әмбебап әдіс сайлау болып табылады. Тәуелсіз мемлекеттің егемен халқы ел азаматтары арасынан депутаттар мен президентті өздері сайлайды. Еркін таңдау құқығы мен тең дауыс беру құқығы – еркін халықтардың өз тәуелсіздігі мен егемендігін қорғауына жігер береді. Мұндай ұмтылыс халықты біріктіреді, барлық азаматтарды бостандық, теңдік және тәуелсіздік идеялары мен құндылықтары төңірегінде біріктіреді. Сондықтан, бүкіл әлем бойынша және әртүрлі елдерде Республика күні тәуелсіздік жолындағы ел тұтастығы мен бірлігі мерекесін білдіреді.

Қазақстанда Республика күні – еліміздің басты ұлттық мерекесі. Биыл біз оны осы мәртебеде үшінші рет атап өтеміз. Республика күні – халықтың бірлігі күні деп сеніммен айтуға болады. Бұл күні Қазақстанның туы мен Әнұраны егемендік пен тәуелсіздікке ұмтылған Қазақстан халқының бірлігін асқақтатады. Осылайша енді Республика күні араға біраз жылдар салып, қайтадан тарихи дамудың жаңа кезеңіндегі бүкіл халықты біріктіретін қасиетті мерекеге айналып отыр.

Медет ЕДРИСОВ,
Ақмола облыстық әділет департаменті басшысының міндетін атқарушы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар