Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Зеренділіктер қолдап әкетті - АРҚА АЖАРЫ

Зеренділіктер қолдап әкетті

«Таза Қазақстан» жобасы аясында Ақмола облысында экологиялық іс-шаралар одан әрі жалғасуда. Жуырда Зеренді ауданындада «Таза Қазақстан» жалпы республикалық жобасын қолдау мақсатында экологиялық акция өтті. Акцияға жастар, еріктілер, еңбек ұжымдары, тазалыққа бейжай қарамайтын азаматтар, барлығы ауданның 500-ге жуық тұрғыны қатысты. Іс-шара Республика күніне орайластырылып өткізілді.

Осы күні Шағалалы ауылындағы жоғары агротехникалық колледжінің ұстаздары мен студенттері оқу орнында қоршаған ортаны қорғау және тазалау тақырыбында дәріс өткізді. Студенттер дәрісті қызығушылықпен тыңдап, өз пікірлерін білдіріп, елді мекеннің тазалығын сақтау ісін өздерінен бастау керек екенін атап өтті.

«Таза Қазақстан» республикалық акциясы жайлы құлақтанған Күсеп ауылдық округінің Өзен ауылының «Қайырымды болайық» еріктілер клубының мүшелері де өз елді мекеніндесенбілік өткізіп, аталмыш акцияға өз үлестерін қосты. Онда көшелерді тазарту, абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Акция соңында волонтерлер қатысушылар үшін ашық ауада спорттық ойындар мен жарыстар ұйымдастырды.

Акция аудан орталығы Зеренді ауылындағы шаңғы базасы аумағында да өткізілді. Іс-шараға мемлекеттік мекеме қызметкерлері,аудандық мәслихат депутаттары, сондай-ақ, белсенді жастар мен еріктілер,  барлығы 200-ге жуықадам белсене қатысты. Олардың күшімен 10,5 текше метр қоқыс шығарылды

– Жастар мен мекемелердің, ұйымдардың қолдауымен елді мекенімізде едәуір өзгерістер байқалып жатыр. Атқарылып жатқан жұмыстар өз нәтижесін беріп, «Таза Қазақстан» акциясының игі ықпалын айқын сезінудеміз, – дейді аталмышіс-шараға қатысқан ауыл тұрғындары. – Жаз мезгілінде Зеренді көлінің маңы қоқыстан тазартылып, тұрақты түрде ауыл ішінде де қоқыстарды жинау, әктеу жұмыстары жүргізілді. Одан бөлек әлеуметтік сала қызметкерлері мен жастар қауымы да жалғызбасты қарттарға осы шара аясында көптеген септіктерін тигізуде. Бұл – біз үшін бір мәртебе.

Айта кетерлігі, биылғы жазғы маусымда ауданда «Жасыл Ел» сарбаздары қатарында 62 жас жігіт пен қыз нәтижелі жұмыс атқарып, «Таза Қазақстан» жобасына айтарлықтай үлестерін қосқан болатын. Осыдан кейін жергілікті атқарушы органдар, коммуналдық қызметтер мен ұйымдар өкілдерінің, қоғам қайраткерлерінің, белсенділер мен тұрғындардың бірлескен күш-жігерімен аумақты қоқыстан тазарту жұмыстары алда да тұрақты жүргізіліп тұрады деген сенім бар.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Зеренді ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар