Есілдің бишілері биіктен көрінді

Жуырда Астана қаласында «Бала шабыты» жобасының «Өнер планетасы» халықаралық байқауы өтті.

Жобаға Қазақстанның түкпір-түкпірінен 43 өнер ұжымы қатысты. Гүлишат Поплавскаяның жетекшілігімен Есіл қаласының «Star Studio» би тобы осы байқауға 3 би ұсынды.

–Тобымда бимен айналысып жүрген балалар Есіл қаласынан ғана емес, жақын жердегі ауылдардан да келіп шұғылданады. Бұл «Star Studio» би тобы 2021-ші жылы құрылған болатын. Міне, содан бері, шынымды айтсам, тек қана Гран-при немесе бірінші орын алып келеміз. Балалар мемлекеттік шығармашылық тапсырыс негізінде бимен тегін айналысады. Балалардың жас аралығы 4 жастан бастап 17 жасқа дейін. Есіл ауданына қарасты Игілік, Юбилейный, Победа, Курское ауылдарынан келетін балаларды ата-аналары ауа райының қолайсыздығына қарамастан әкеліп отыратыны қуантады. Балаларының дамып-жетілуіне үлес қосып келе жатқан ата-аналарға алғысым шексіз. Алар асуларымыз көп болсын, – деді өз сөзінде жетекшілері Гулишат Поплавская.

Сөйтіп, байқау қорытындысында аталған топ халық биі номинациясы бойынша жоғары марапатқа ие болды. Соның ішінде авар биі Гран-приді,қазақ биі мен өзбек биі 1-ші орындарды иемденді.

Олай болса, «Star Studio» би тобын лайықты жеңісімен құттықтай отырып, алдағы уақытта да шығармашылық табыстар мен жеңістер тілейміз.

Салтанат БӘКІРОВА,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар